ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҮСТІ МЕТАЛДАР САЛАСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-111-i3-09Аннотация
Мақала Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының түсті металдар саласындағы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын салыстырмалы-құқықтық зерттеу мәселелеріне арналған. ҚХР мен ҚР жер қойнауында түрлі пайдалы қазбалардың, соның ішінде түсті металдардың көп мөлшері бар. Пайдалы қазбалар мемлекет пен халықтың меншігі болып табылады. Түсті металдар бөлшектерді, қорытпаларды, құрылымдық материалдарды және дайын өнімдерді өндіруде әртүрлі салаларда қолданылады. Пайдалы қазбалардың таусылуы, олардың ешқашан қалпына келмеуі, табиғи байлықты басқаруға жаңа көзқарас қажет етеді. Сондықтан басқа мемлекеттердің тәсілдерін, олардың жер қойнауын басқару саласындағы заңнамалары мен стратегияларын зерделеу мәселелері өзекті болып отыр. Жер қойнауын ұтымды басқару және пайдалы қазбалардан жасалған дайын өнімнің жаңа өндірістерін дамыту үшін Қазақстан заңнамасын жетілдіру мәселелерін зерделеу өте өзекті болып табылады.
Бұл жұмыста ҚР және ҚХР жер қойнауына меншік құқығы туралы заңнамасының негізгі ережелері, жер қойнауын пайдалану құқығының режимдері, жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қағидаттары, жер қойнауын басқару мақсаттары зерттеледі. Минералды ресурстарды өндіру саласындағы мемлекеттік басқару мәселелерін зерттеу нәтижесінде авторлар бірқатар ұсыныстар жасады. Бұл ұсыныстар жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы және басқаруды жетілдіруге, ұлттық мүдделерді қорғауды күшейтуге, ел экономикасы қажеттіліктерінің басымдығын ескере отырып, неғұрлым ұтымды тәсілді енгізуге ықпал етуі мүмкін. Қазақстанға түсті металдарды өндіруге және экспорттауға ғана емес, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушыларға өнеркәсіптік өндірісті дамыту жөніндегі қосымша міндеттемелерді заңнамалық тұрғыдан бекітуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылауды күшейтуге көңіл бөлу өте маңызды.
Түйін сөздер: жер қойнауына меншік, жер қойнауын пайдалану құқығы, жер қойнауын зерттеу, жер қойнауын барлау, түсті металдарды өндіру.