ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-111-i3-05Аннотация
Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі.
Бұл мақалада қазіргі Қазақстан Республикасында электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы туралы айтылады. Мақаланың өзектілігі мынада: электрондық үкіметті енгізу және қолдану кезіндегі бірқатар проблемалар электрондық мемлекеттік қызметтерге сұраныстың артуына байланысты ғылыми талдау жүргізу болып табылады. Зерттеудің мақсаты шет елдермен салыстырмалы түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару қызметінде электрондық үкіметтің жаңа технологиясын іске асыру сипатын анықтау, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған электрондық үкіметтің даму индексінің статистикасын және ұлттық статистиканы талдау негізінде электрондық үкіметтің қазіргі жағдайын, даму тенденциялары мен проблемаларын талдау. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, авторлар орындаған жұмыс электрондық үкіметті енгізу және қолдану кезіндегі проблемаларды егжей-тегжейлі талдауға және зерделеуге, сондай-ақ оларды шешудің басым жолын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Электрондық үкіметтің даму тақырыбы қашан да өзектілігін жойған емес, бірқатар : АКТ-ны қоғамдық саясат пен басқаруда қолданудың жаңа тұжырымдамалары пайда болды, әртүрлі институционалдық жағдайларда электрондық үкіметтің жұмыс істеу модельдері мен нәтижелері туралы әлемдік және қазақстандық эмпирикалық деректер жаңартылуда.
Түйін сөздер: электрондық үкімет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесі, электрондық құжат айналым, электрондық қызметтер, электрондық басқарма.