ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Г.Р. Рустемова Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0009-0001-9155-4089
  • Ш.Б. Маликова «Нархоз университеті» КЕАҚ, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0000-0002-8762-7062
  • Д.Б. Маликов Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0000-0003-2784-154X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-014
        103 39

Аннотация

Балалардың құқықтарын бұзуына қатысты маңызды проблемалардың бірі болып балаларга деген зорлық-зомбылық және оларға қатыгездік жасау табылады. Балаға қатыгездік жасау және оның негізгі қажеттіліктерін қорлау және елемеу деп ата-аналардың, ата-аналардың рөлін атқаратын адамдардың немесе басқа ересектердің кез келген әрекеттері немесе әрекетсіздігі түсініледі, нәтижесінде баланың денсаулығы мен әл-ауқаты бұзылады немесе оның оңтайлы физикалық немесе психикалық дамуына кедергі келтіретін жағдайлар жасалады, оның құқықтары мен бостандықтары бұзылады. Балаға деген көрсетілген зиянның сипатына қарай, зорлық-зомбылық және қатыгездіктің түрлері болады.  

Көптеген елдерде мұндай оқиғаларды анықтаудың нақты әдістемелері бар, сонымен қатар жаңа әдістер әзірленіп және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары қабылданып жатыр. Қазақстанда заңнамалық база, тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау және бақылау жүйесі жеткілікті түрде дамымаған. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге бағыттылған жұмыстың тиімділігін арттыру үшін біздің еліміздегі болған, сонымен бірге шет елдердегі осындай оқиғалармен күресу жолдарын зерттеу, талдау және бақылау шараларына негізделген, отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғаларды алдын алу және анықтау жүйесін әзірлеп енгізу қажет.  Сәйкесінше, балаларға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты ғылыми зерттеу балаларды қорғаудың тиімді шараларын әзірлеуге көмектесетін зорлық-зомбылықты арандатқан себептерді, механизмдер мен факторларды айқындауға; алдын алу және оңалту бағдарламаларын әзірлеу үшін маңызды болып табылатын балалардың психологиялық және эмоционалдық денсаулығына  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тигізетін зардабын түсінуге; тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоғам тарапынан қабылдауға және балларды тиімді қорғау бағытындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары мен әлеуметтік нормаларды өзгертуге жәрдемдеседі; зорлық-зомбылық жағдайларына және құрбандарға көмек көрсету үшін тиімді әрекеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік қызметкерлерді, педагогтарды, дәрігерлерді және басқа мамандарды оқытуда  маңызды рөл атқарады. 

Ғылыми мақала BR 27882414 «Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті қаржыландырған 2023-2025жж. арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде дайындалған. 

 Түйінді сөздер: зорлық-зомбылык, кәмелетке толмағандар, бала, балалар, қарсы тұру, отбасылық-тұрмыстық. 

Авторлардың биографисы

Г.Р. Рустемова, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының докторы, М. Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры

Ш.Б. Маликова, «Нархоз университеті» КЕАҚ, Қазақстан, Алматы қаласы

(хат-хабарларға арнлаған автор) - Заң ғылымдарының кандидаты, "Нархоз университеті"КЕАҚ құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры

Д.Б. Маликов, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

Полиция майоры, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы

Жүктелулер

Как цитировать

Рустемова, Г., Маликова, Ш., & Маликов, Д. (2024). ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 110(2), 150–158. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-014

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА