ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МИРАСҚОРЛЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-08
        77 22

Аннотация

Бұл мақала зияткерлік меншік құқығы саласындағы құқықтық мирасқорлық институтын зерттеуге бағытталған. 

Құқықтық мирасқорлық, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы мирасқорлық туралы нормалар мен теориялық ережелерді талдау барысында Қазақстандық зияткерлік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың олқылығы салдарынан құқық қолдану қызметінде проблемалардың туындайтындығын, аталған саладағы терминологияда анықтамалардың дұрыс берілмегендігін есепке ала отырып, елімізде осы аспектінің жеткілікті зерттелмегендігін көруге болады. 

Зияткерлік меншік саласының ғылыми тұрғыда жете зерттелмеуі  зияткерлік қызметтің нәтижелерінде, даралау құралдарында, оларға айрықша құқықтарды тануда және құқықтық мирасқорлықтың мазмұнын құрайтын терминдерге дұрыс анықтама беруде тәжірибеде анағұрлым қиындықтар туғызады. 

Мақалада автор «құқықтық мирасқорлық» ұғымына анықтама беріп, оны жіктеудің тәсілдерін талдайды. Сондай-ақ, мақалада зияткерлік меншік құқығының ұғымдық аппаратын дұрыс қолдану, Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының кейбір мәселелері, зияткерлік меншік саласындағы шарттар мен өзге де аспектілері толық зерттелді. 

Атап айтқанда, автор тарапынан «ауысу», «беру», «ұсыну», «билік ету» ұғымдарына басымдық беріледі. Айрықша құқықтар мен цессияны басқаға беру шартының арақатынасы, лицензиялық және авторлық шарттағы ұғымдардың өзара кереғар болуына қатысты туындайтын мәселелерге баса назар аударылған. Автор тапсырыстың авторлық шартын  мердігерлік шарт санатына жатқызуға болмайтындығын негіздей отырып, өзіндік ұстанымын білдіреді. 

Түйін сөздер: зияткерлік меншік құқығы,  айрықша құқықтар, ауысу, беру, ұсыну, иеліктен шығару, билік ету. 

Авторлардың биографисы

А.А. Амангельды, Д. Қонаев университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

(хат-хабар алмасу үшін автор) - Заң ғылымдарының докторы,  Қонаев Университетінің профессоры, ҚР ІІМ Академиясының Ғылыми - зерттеу орталығының сарапшысы

Т.Т. Дүсебаев, Д. Қонаев университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

PhD докторы, Қонаев Университеті проректоры

Жүктелулер

Как цитировать

Амангельды, А., & Дүсебаев, Т. (2024). ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МИРАСҚОРЛЫҒЫ . ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 110(2), 82–100. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-08

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ