ӘКІМШІЛІК ШАҒЫМДАНУ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • А.С. Першеев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақстан, Астана қаласы https://orcid.org/0000-0002-2155-0322
  • А.Ж. Исаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы https://orcid.org/0000-0002-5768-1076
  • A.Zh. Нуритдинова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қаласы https://orcid.org/0009-0007-3778-563X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-05
        99 23

Аннотация

Мақалада қоғамның ажырамас бөлігі қоғамдық қатынастардан қарапайым өмірде туындайтын әкімшілік шағымдануды құқық институты ретінде қарастырылады. Әкімшілік әділет элементтерінің аспектілері қарастырылып зерделенеді. Аталған құқық институтының туындауына әсер ететін қажетті фактірлер белгіленеді. Әкімшілік істі қарау процедуралық ерекшеліктері, әкімшілік іс пәні болып табылатын қатынастар жіктеледі.  Әкімшілік шағымдану түсінігі мен әкімшілік талап арыз түсініктері толық зерделеніп олардың айырмашылықтарына көз жүгіртіледі. Жіктелген шағым түрлерінің қарау тәртібінің ерекшеліктері мәлімделеді.  

Бұл зерттеудің мақсаты нормативтік құқықтық актілерді, сот практикасын және халықаралық стандарттар мен әзірлемелерді талдау арқылы құқықтық қорғау тетігі ретінде әкімшілік шағымданудың тиімділігін бағалау болып табылады. 

Бұл зерттеуде заңнама мен сот практикасын талдауды, сондай-ақ елдер арасындағы салыстырмалы-құқықтық талдауды қамтитын кешенді тәсіл қолданылады. 

Бұл жұмыс өте маңызды, өйткені ол біздің құқықтық жүйеміздегі әкімшілік шағымның рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыстың практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін заңнаманы жетілдіру және әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру үшін пайдалану болып табылады. Әкімшілік шағымдану институтының адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосатын үлесі және әкімшілік талап-арыздан айырмашылығы айқындалады.  

Әкімшілік шағымдану құқық институты ретінде қоғамдық қатынастарға, мемлекет пен халық арасындағы қарым қатынаста ажырамас ерекше функцияны жүзеге асыратын жалғыз берден бір ерекше жүйе екені зерделенеді. 

Түйін сөз: әкімшілік құқық, шағым, жалпы дәне арнайы шағым, әкімшілік талап-арыз

Авторлардың биографисы

А.С. Першеев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақстан, Астана қаласы

(хат-хабарларға арналған автор) - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты

А.Ж. Исаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы

PhD, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің доцент м.а

A.Zh. Нуритдинова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қаласы

PhD, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жүктелулер

Как цитировать

Першеев A., Исаева A., & Нуритдинова A. (2024). ӘКІМШІЛІК ШАҒЫМДАНУ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 110(2), 53–60. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-05

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ