ҚАЗАҚСТАННЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНДЕГІ SCOPUS И WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР НЕГІЗІНДЕ ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-02Аннотация
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы кадрларды даярлаудың батыс моделіне көшуге, сонымен қатар 2011 жылы Scopus және Web of Science (WoS) халықаралық дерекқорларына кіретін ғылыми басылымдардағы жарияланымдар негізінде ғалымдардың біліктілігін бағалаудың жаңа әдістерін енгізуді заңнамалық тұрғыдан бекіткен жаңа нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) қабылдауға әкелді. Бұл нормативтік құқықтық актілерге жүйелі түрде өзгерістер енгізілді, бұл ғылыми саланы дамытудың жоғары серпінділігімен қатар, шешуді талап ететін жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің қалыптасуымен де байланысты болды. Мақалада қазақстандық авторлардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау үшін Scopus және WoS халықаралық дерекқорларына кіретін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу динамикасы қарастырылған. Нормативтік құжаттар мәтіндерінің мазмұнын контент-талдау әдісі және НҚА өзгерістерінің халықаралық ғылыми басылымдардағы қазақстандық авторлардың жарияланым белсенділігінің сандық көрсеткіштеріне әсерін бағалау үшін библиометриялық тәсіл қолданылды. Жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік ғылыми саясатты дамытудың 4 шартты кезеңі анықталды. Бірінші кезең – 2011-2014 жж. – «Ғылым туралы» Заңның қабылдануы және зерттеушілерді халықаралық журналдарда жариялауға қайта бағдарлау. Екінші кезең – 2015-2018 жж. – халықаралық журналдардағы жарияланымдар бойынша, атап айтқанда әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі ғылыми атаққа үміткерлерге қойылатын талаптарды жеңілдету. Үшінші кезең – 2019-2022 жж. – ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар бөлігінде НҚА-ны үйлестіру және ғалымдардың ғылыми бағытына байланысты жарияланым арналарының балама нұсқаларын енгізу; сондай-ақ, Жас ғалымдар кеңесінің ұсыныстары негізінде НҚА-ға қойылатын талаптарға өзгерістер әзірлеу. Төртінші кезең – 2023-2024 жж. – халықаралық деректер базасына енгізілген басылымдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау бойынша баламалы нұсқаларды одан әрі кеңейту. Халықаралық деректер базасына кіретін ғылыми басылымдардағы жарияланымдар негізінде ғалымдардың біліктілігін бағалау әдісін енгізудің бастапқы кезеңінде НҚА әлеуеті Scopus және WoS базаларындағы қазақстандық авторлардың жарияланымдарының санына орасан зор әсер еткені анықталды. Одан әрі бұл әлеует төмендеді және қазақстандық авторлардың жарияланым белсенділігінің өсуін ынталандыру үшін мемлекеттік ғылыми саясаттың жаңа құралдарын енгізу талап етіледі.
Түйін сөздер: Нормативтік-құқықтық актілер, ғылыми саясат, жарияланым белсенділігі, ғылыми басылымдар, Scopus, Web of Science