ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЗАМАНУИ ЖҮЙЕСІ: ІС ЖҮРГІЗУ СТАДИЯЛАРЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024109112

Аннотация

 Қазақстан Республикасының қылмыстық-процесуалдық құқығы кез келген өзге де құқық салалары сияқты дербес,  іргелі және де ең бастысы өзінің жеке жүйесі бар сала болып табылады. Қолданыстағы ҚР ҚПК-нде жүзеге асырылған қылмыстық поцестік құқығының әдістемесін жаңғырту бұрын қалыптасқан жүйенің құрылымында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Қылмыстық процес сатыларының бірізді жиынтығы ретінде қарастырылатын жүйе белгілі бір дәрежеде нақты сатылардың бар екендігін көрсететін белгілерді жоғалтты. Жекелеген стаылар іс жүргізу сипатындағы әрекеттер мен шешімдердің логикалық тізбегінің бұзылуынан көріне бастаған өзінің нақты шектерін жоғалтты.

Мақалада қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесінің жалпы түсінігі, оның заманауи трансформациялық моделі және ондағы процесуалдық кезеңдердің орны туралы мәселелер қарастырылған. Құқық қорғау жүйесін жаңғырту, қылмыстық қудалау органдарын реформалау ұлттық құқықтық саясаттың ең маңызды және кезек күттірмейтін басымдықтары болып табылады. Реформалау үрдістері қылмыстық процес жүйесінің сипатынан көрініс табады.

Қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесін сақтау және жетілдіру онда қатысушылар арасында қалыптасатын құқықтық қатынастарды құрудың логикалық реттіліктің болуын, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша процестің барлық сатылары мен кезеңдерінде заңдылықты сақтаудың нақты кепілі болып табылады.

Жұмыста Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы жүйесін жетілдіруге бағытталған негіздемелік ұсыныстар тұжырымдалған.

Кідт сөздер: қылмыстық сот ісін жүргізу құқығының жүйесі, қылмыстық процес жүргізу стылары, заңдылықты сақтау  кепілдіктері, қылмыстық сот төрелігін жүзеге асыру.

Авторлардың биографисы

Т.Б. Хведелидзе, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы

Э.П. Кенжибекова, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан, Алматы қаласы

(автор-корреспондент) - Заң ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы

Жүктелулер

Жарияланды

2024-04-01

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА