ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202410919

Аннотация

Қолайлы қоршаған ортаға құқық – бұл ұғым аясы өте кең болып табылады. Азаматтардың қоршаған ортаның қолайлы жағдайына құқығы бүгінде мызғымас әлеуметтік құндылық болып табылады, оның тұрақтылығына Қазақстан Республикасының Конституциясы тікелей кепілдік береді. Заманауи дәуірде цифрлық технологиялардың пайда болуы осы құқықты қолдаудың мүмкіндіктерін ашты.  

Бұл ғылыми зерттеуде осы саладағы қазіргі ұлттық, халықаралық және шет мемлекеттердің заңнамалық-нормативтік негіздеріне құқықтық баға бере берілген. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасында қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асырудың аса өзекті мәселелері соңғы жылдары өте қарқынды жүзеге асырылып жатқан цифрландыру контекстінде қарастырылған. Берілген ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында цифрландыру жағдайында қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асыру мәселелерін кешенді және жан-жақты зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысында адамдардың қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асырудың және оны қорғаудың құқықтық мәселелері қарастырылып қана қоймай, шет ел заңнамасымен салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілген. Нақты мақала қолайлы қоршаған ортаға құқықты қорғау саласындағы теориялық білімдерді толықтырады. Авторлар цифрлық жетістіктердің қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде қолданылуын талдай отырып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жолдарын ұсынады.

Түйін сөздер: Қоршаған орта, қолайлы қоршаған орта, қолайлы қоршаған ортаға құқықты қорғау.

Авторлардың биографисы

Д.Л. Байдельдинов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы

Г.Т. Айгаринова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті

Ж.Б. Акшатаева, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Қазақстан, Шымкент қаласы

Заң ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті

Г.К. Рашева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

(корреспондент-автор) - PhD докторы

Жүктелулер

Жарияланды

2024-04-01

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ