ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202410914

Аннотация

Бала құқығын қорғау мен олардың қауіпсіздігі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. 2024 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады. Қазақстанның жарқын болашағы ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес ұрпақтың қолында болса,  сапалы адам капипталын қалыптастыру биліктің бүгінгі қолында.

Мемлекет тарапынан еліміздің жарқын болашағының кепілі – балалар, жас жеткіншектердің болашағына, олардың сапалы білім алуына, денсаулығын нығайтуға және отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға үнемі қолдау білдіріп келеді. Мемлекет басшысы бала құқықтарына қатысты мәселелерді кезек күттірмей, шешімін табуды, бала құқықтарына қатысты заңдардың дереу күшіне енгенін талап етеді. Президент өз сөзінде, «Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастыруымыз керек» деп тапсырма берді (https://egemen.kz/article/261356-qasym-zhomart-toqaev-balalar-arasyndaghy-suitsid-pen-bullingtinh-aldyn-alu-qadge.).

Мақалада бала құқықтары институтының мәні, орны мен рөлін анықтау үшін маңызды мәселелердің кең ауқымы зерттелді және де бала құқықтарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері талданды.

Түйін сөздер: бала құқықтары жөніндегі уәкіл, баланың құқықтары мен міндеттері, жетім балалар, әлеуметтік жетім, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, отбасы.

Авторлардың биографисы

А.А. Есекеева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

(корреспондент-автор) - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты

А.Е. Жатканбаева, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан, Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының судьясы

С. Әділғазы, Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

PhD доктор, Нархоз университетінің аға оқытушысы

Жүктелулер

Жарияланды

2024-04-01

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ