ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202410911

Аннотация

Қазақ тарихында қоғамдағы түрлі конфликтілерді билер соты мен ақсақалдар кеңесі көмегімен шешу дәстүрі болды. Билік институттарының осы түрлері халыққа ең жақыны болды. Өйткені олардың қызметі әділдік, халықтық және адамгершілік идеологиясына негізделді және оның түп мақсаты дауласушы жақтарды татуластыру, бітімгершілікке жетелеу болып табылды. Әр би мен ақсақал істі шешу барысында тартысушы тараптарға толықтай әділдік көрсетуді өзінің киелі борышы санаған.  «Дау мұраты – бітім» көшпелі қазақ қоғамындағы билер сотының негізінде жатқан басты қағидалардың бірі болып табылды. Бұл өз кезегінде қазіргі Қазақстандағы медиацияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Мақалада қазіргі медиация мен осы екі дәстүрлі институттардың бітімгершілік пен татуластыру қызметімен тарихи сабақтастығын анықтауға талпыныс жасалады.  Билер соты мен билердің бітімгершілік пен татуластыруға бағытталған қызметін анықтайтын түрлі ғалымдардың жазбасына және тарихи мұрағат материалдарына шолу жасалды. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы ежелден билік институтының бірі болып табылатын ақсақалдар кеңесінің қызметінің ерекшеліктері де анықталады. Қазіргі уақыттағы осы дәстүрлі институттардың жаңғыртылу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалды.

Түйін сөздер: Билер соты, билер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, дау-дамай, медиация, бітімгершілік, татуласу, құн. 

Авторлардың биографисы

М.Ж. Калшабаева, «Туран» Университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының магистрі, Тұран университетінің докторанты

С.А. Сартаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

(корреспондент-автор) – Заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканы

С.Ж. Сулейменова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

 Заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының  меңгерушісі

С.К. Жетписов, Торайғыров универистеті, Қазақстан, Павлодар қаласы

Заң ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі

Д.А. Турсынкулова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы қаласы

Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқықық кафедрасының халықаралық байланыстары және ғылыми-инновациялық жұмыс байланыстары жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары

Жүктелулер

Жарияланды

2024-04-01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ