ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКПЕН АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.09
        95 97

Аннотация

Мақалада авторлармен экологиялық мәдениетті арттырудағы және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі экологиялық білімнің рөлі қарастырылған. Экологиялық қауіпсіздік жалпы қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік өз кезегінде, экологиялық құқық тәртіптің құрылымдық деңгейлеріне таралады және экологиялық құқықтық тәртіптің ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық өзегі болып табылады. Экологиялық құқықтық тәртіп қоғам мен табиғаттың өзара әсер немесе әрекет ету саласы ретінде түсініледі, адамдар мен азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қаматамасыз ететін құқықтық нормаларға негізделген. Экологиялық құқықтық тәртіп категориясы – осы таңда өте аз зерттелген яғни қазіргі құқық саласында және оның ішінде экологиялық құқық саласында да сирек қолданылады. Сонымен қатар, ол экологиялық заңнаманы қалыптастыру және жетілдіру жолында маңызды теориялық және практикалық мәні бар. Экологиялық құқықтық тәртіп тұжырымдамасын дамуы мен қалыптастыру қажеттілігі айқын. Экологиялық тәртіп пен экологиялық қауіпсіздіктің өзара байланысы бар және де оның біріншісі екіншісінің сапалық сипаттамасы болып табылады. Біздің еліміз экология мәселелеріне, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау бойынша халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу және орнықты дамуды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі экологиялық білім беру және тұтастай экологиялық мәдениетті арттыру арқылы қол жеткізу болып табылады.

Түйін сөздер экология, экологиялық құқықтық тәртіп, экологиялық  қауіпсіздік, экологиялық білім, экологиялық мәдениет, экологиялық ақпарат.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-14

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ