ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.07
        164 89

Аннотация

Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының (бұдан әрі – ЖҚШ) қызметін құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелерін, Қазақстан  Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын зерттеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Олардың қызметін арнайы заңнамалық реттеудің және осы қатынас саласын мемлекеттік реттеудің ғылыми ойластырылған жүйесінің болмауы елді мекендерде және оның маңайында әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, санитарлық-эпизоотиялық және басқа да келеңсіз сипаттағы көптеген мәселелерді туғызды. Осыған орай  елдегі  аграрлық  өндірісі жүйесіндегі ЖҚШ-ның  орны мен рөліне жан-жақты талдау жасау керек.  Мемлекеттің тұрақты дамуын, оның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаруашылық учаскелерін тиімді мемлекеттік реттеусіз мүмкін емес. Оны жүргізу барысында туындайтын қатынастарды құқықтық деңгейде реттеу, олардың қызметіне тартылған жерді және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа технологияларына қол жеткізу мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығын дамытуға  қажетті  ынтымақтастық, ауыл тұрғындарына заманауи технологияларын тарту керек. Аграрлық саясаттың тұжырымдамалық жаңа моделі жеке қосалқы шаруашылықтардың құқықтық мәселелерін жан-жақты зерделеуді, қарастырылып отырған қоғамдық қатынастар саласының құқықтық мәселелерін шешу бойынша теориялық және практикалық ұсыныстарды әзірлеуді қажет етеді.

Түйін сөздер: жеке қосалқы шаруашылық, заңнама, заң, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдері, фермерлік шаруашылық, отбасылық шаруашылық

Жүктелулер

Как цитировать

Озенбаева A., Нұрмуханқызы D., Жайлауова A., Кансеитова A., & Рамашов O. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 108(4), 58–66. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.07

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ