ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРЫЛЫМЫН АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.02
        120 85

Аннотация

Жоғары оқу орындарына оқуға келген талапкерлер қай ұлтқа, діни конфессияға, мемлекеттің азаматтығына жататындындығынан бөлек, әртүрлі субмәдениеттерге, мәдени топтарға, қалалық және ауылдық мәдениеттерге, аймақтық және отбасылық мәдениеттерге жататындығы жасырын емес. Сондай-ақ бәрімізге белгілі бүгінгі күні еліміздің жоғары оқу орындарына әлемнің түпкір-түпкірінен студенттер келіп білім алуда. Сәйкесінше олар әрқилы дін, дәстүр, мәдениет өкілдері болып табылады. Сонымен қатар олардың келген мемлекетінің құқық жүйесі де әр түрлі құқықтық жүйеге жатады. Сондықтан оларға құқықтық білім бергенде студенттің келген елінің мәдени, құқықтық ерекшеліктерін де ескеру қажет деп ойлаймыз. Тіпті өзіміздің қандас студенттердің де еліміздің мәдени, қоғамдық өміріне беймделуінде қиыншылықтар болып жатандығын күнделікті өмірден көріп жүрміз. 

Біз өз тарапымыздан осы мақалада құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің мәдениетаралық коммуникация құрылымын талдауға тырыстық. Оның ішінде тіл мәселесі, заңи терминдерді түсіну, құқықтық жүйеміздің ерекшеліктерімен таныстыру негізгі орын алады.

Тіпті мәдениеттер арасындағы байланыстардың ушығуы адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу және дұрыстау жолында диалог құру мәселесі туындап отыр. Бұл,  мәдениеттердің әрқайсысында өздеріне тән ерекше кодтың болуымен байланысты. Осының нәтижесінде бір-бірінің шынайы табиғатын түсіне алмайтын мәдени кодтардың қайшылығы туындауда. Мәдени келбеттің өзгеруімен коммуникативті жағдайдың өзі де өзгеруде және де сол адамдар арасында байланыс құруға арналған кедергілердің көбеюіне алып келуде. Мұндай жағдайда, шын мәнінде, жаһандану парадоксы пайда болады, бір жағынан, мәдениеттердің лезде таралуы мен өзара сіңісуіне, екінші жағынан, мәдениетаралық коммуникацияның даму тосқауылына ықпал етеді.

Берілген зерттеу AP14872126 «ЖОО оқытушысының мәдениетаралық құзыреттілігі және оның Қазақстандағы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсері» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалған.

Түйін сөздер: қарым-қатынас, мәдениетаралық қарым-қатынас, құқықтық тәрбие, мәдениетаралық байланыс, құқықтық реттеу.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-14

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ