ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.01
        301 120

Аннотация

Құқықтық жүйе үшін барлық элементтердің тиімді қызмет етуі өте маңызды. Құқықтық жүйе жұмыс істеу процесінде өзін-өзі құрылымды өзгертуге қабілетті жүйе болып табылады. Мақала қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық менталитет мәселелерін зерттеуге арналған. Құқықтық мәдениет, құқықтық сананың төмендігі қоғамның құқықтық мәдениетінің әлсіреуі мен құқықтық жүйенің тұрақсыздығына әкеп соғады. Мақалада құқықтық менталитет, құқықтық сана және құқықтық мәдениет ұғымдары, өзара әсері, маңызды элементтері, өзара әсері зерттелді. Осы құқықтық құбылыстардың  өзара әсерін зерттеудің қажеттілігі қазақстандық қоғамда құқықтық менталитеттің құрылымын терең түсінуге өз септігін тигізеді. Сонымен бірге, құқықтық менталитет, құқықтық мәдениет және құқықтық сана мәселелері қоғамдағы азаматтардың менталдық ерекшеліктерін, олардың ортақ қалыптасқан құндылықтар жүйесін ескере отырып, кешенді  түрде қарастырылуы қажет. Бұл ұлттық құқықтық ғылымның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Құқықтық мемлекетті құру жағдайында қоғамның әлеуметтік мәдени құндылықтарын дамыту аса маңызды міндеттердің бірі.  Зерттеу нәтижесі ұлттық құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуіне қатысты тұжырымды ұсыныстар әзірлеу, құқықтық менталитет, құқықтық мәдениет және құқықтық сананы бүгінгі тұрғыдан дамыту, олардың әсерлесуінің бағыттары мен заңдылықтарын терең түсіну шараларын әзірлеу болып табылады.

Түйін сөздер: құқықтық менталитет, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, құқықтық реттеу

Жүктелулер

Как цитировать

Бәкіров D., Стамқұлова G., Мырзатаев N., Капсалямова S., & Османова D. (2023). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕНТАЛИТЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 108(4), 4–10. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ