Жеке қосалқы шаруашылықтарды заңнамалық реттеу: қазіргі жағдайы

Авторлар

  • A.E. Bekturganov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0000-0002-1450-2867
  • A.A. Mukasheva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0000-0002-6147-060X
  • A.A. Bekturganova Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0009-0001-9379-1934
  • K.U. Orazaliev Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0000-0002-3905-700X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v107.i3.09
        97 120

Аннотация

Мақала жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізуді заңнамалық реттеу мәселелерін, оның ішінде дамудың тарихи аспектісін қарастырады. Авторлар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының кемшіліктерінің проблемалық түйінді мәселелерін қойды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды реттеудің халықаралық тәжірибесі талданды. Реттеудің халықаралық тәжірибесінде жеке қосалқы шаруашылықтардың, жеке үй маңындағы учаскелердің қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері қарастырылған, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдеріндегі (Германия, Канада, АҚШ, Жапония және т.б.) фермерлік шаруашылықтардың құрылымдары зерттелген. Сондай-ақ, дамыған елдердегі фермерлік шаруашылықтар үшін үкіметтердің тұрақты экономикалық қолдауының арқасында экономиканың аграрлық секторында қол жеткізілген жоғары нәтижелермен ауыл шаруашылықтарының жоғары өнімділігінің ерекше тәсі,лдері белгіленген. Фермерлік шаруашылықтарды дамытудың келісімшарттық жүйесінің нысандары қарастырылған. Батыс Еуропа және АҚШ елдерінде фермерлік шаруашылықтар өндірісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандары зерттелген. Мақалада мынадай: жеке қосалқы шаруашылықтар мүлкінің құқықтық мәртебесі, құқықтық режимі; жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды сақтау; жеке қосалқы шаруашылықтар иелерінің әртүрлі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен қарымқатынастарын реттеу; жеке қосалқы шаруашылықтардың мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынастары және т.б. мәселелері қарастырылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы дербес заңның қабылдануына байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалған. Соңғы онжылдықтарда жеке қосалқы шаруашылық саласында қандай да бір ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің, диссертациялық зерттеулердің, ғылыми мақалалардың болмауы авторларды заң ғылымының осы бағытын дамытуға үлес қосу арқылы осы олқылықтың орнын толтыру қажеттігіне итермеледі. Түйін сөздер: жеке қосалқы шаруашылық, азық-түлік қауіпсіздігі, азаматтардың жерге және мүлікке құқықтары, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ