Зияткерлік меншік құқықтарының қылмыстық заңдармен және әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамалықтарымен байланысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v107.i3.06
        110 79

Аннотация

Мақалада зияткерлік меншіктің қандай да бір аспектілерін реттейтін жария құқық нормалары талданған. Зияткерлік меншік құқығы азаматтық құқықтың кіші саласы бола тұра, жеке құқықтың нормаларынан ғана емес, сондай-ақ жария құқықтың нормаларынан тұрады, яғни заңнаманың кешенді саласы болып табылады. Зияткерлік меншік құқығы сондай-ақ қылмыстық заңнамасының, сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың нормаларымен реттеледі. Мақалада зияткерлік меншік аясындағы соңғы үш жылдықта орын алған әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша статистика мен сот тәжірибесі көрсетілген және талданған. Осылайша, зияткерлік меншік құқықтарына қатысты қатынастар азаматтық құқық нормаларымен ғана емес, сонымен қатар құрамдас бөліктері қылмыстық құқық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама болып табылатын жария құқықпен реттеледі. Құқықтық салаларды бөлу екі өлшем негізінде жүзеге асырылады: құқықтық реттеу пәні және құқықтық реттеу әдісі. Сонымен қатар, құқықтың бірде-бір саласы өздігінен өмір сүрмейді, құқықтық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты. Зияткерлік меншік құқығы бұл жағдайдан ерекшелік емес, ол шығармашылық зияткерлік қызмет шеңберінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз ете отырып, құқықтың басқа салаларымен өзара байланысты. Түйін сөздер: зияткерлік меншік құқығы, қылмыстық заңнама, әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнама, жауапкершілік, құқық бұзушылық, сот тәжірибесі.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-09-15

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ