Қылмыстық іс жүргізудегі жанама әдістер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.013
        69 58

Аннотация

Сот және тергеу тәжірибесіндегі жанама әдістер аса қауіпті қылмыстарды ашудың маңызды құралы болып табылады. Қылмыстың нақты жағдайлары бойынша күрделілігі соншалық, тергеудің бастапқы кезеңінде, кейде кейінірек тікелей дәлелдемелерді алу мүмкін емес. Мақсаты, еліміздегі қылмыстық іс жүргізу барысындағы дәлелдемелерді анықтау кезінде қолданылатын жанама әдістерді пайдаланудың ретін көрсету. Бұл мақаланың басты маңздылығы, қылмыстық іс жүргізу кезінде орындалатын жанама ідңстердің маңыздылығын түсіндіру. Оны пайдалану барысында қандай ағаттықтар кететіндігін және солармен жұмыс жасаудың маңыздылығын түсіндіру. Зерттеу барысында қылмыстық іс жүргізу туралы ақпараттар жинақталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі пайдаланылды. Жағдайаттық мысалдар келтіріліп, қандай жанама әдістерді пайдалануға болатындығы жазылды. Жанама әдістер мен дәлелдемелер ұғымын талдауды, дәлелдемелердің белгілерін, мәні мен қылмыстық процестегі орнын анықтауды қамтитын теориялық негіз тәжірибе үшін қажет, дәлелдеу процесінде кезеңдері толықтай қамтылды. Бұл мақаланың басты мақсаты – жанама әдістерді пайдалана отырып, дәлелдеудің негізгі белгілерін анықтау, дәлелдеудің белгілері мен кезеңдерін сипаттау. Зерттеу үшін жанама әдістер мен дәлелдемелер ұғымының өзі нені білдіретінін қарастыру, өзіне тән белгілерді белгілеу қажет.

Түйін сөздер: айғақ, жанама әдіс, қылмыстық іс, жанама дәлел, тікелей дәлел, дәлелдеу, қылмыстық процесс, қылмыстық іс жүргізу.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-15

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА