Арнайы экономикалық аймақтарды реттеудің соңғы тенденциялары: конституциялық реттеу, заң шығару бастамасы және ұйымдастық тәуелсіздігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.03
        97 76

Аннотация

Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) елдің ұлттық экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың тиімді құралы екенін дәлелдеді. Олардың алуандығы мен саны дүние жүзінде артып келе жатқанына қарамастан, қаржы секторындағы Арнайы Экономикалық Аймақтар қазіргі уақытта Азияның әртүрлі бөліктерінде жүзеге асырылып жатқан ең инновациялық және жан-жақты бастамалардың алаңы болып табылады. Мысалы, 1980 жылдардың басында Қытайда экономикалық реформалар басталды, зерттеу жүргізгеннен кейін ел басшылығы бірнеше батыл шешімдерді жүзеге асыруға шешім қабылдады, соның ішінде АЭА-ның жергілікті әкімшілігін ұйымдастырушылық орталықсыздандыру, сондай-ақ заңнамалық автономия енгізу. Кейінірек бұл шаралар конституциялық реформалармен толықтырылды және нәтижелер көп күттірмеді, ал Қытай қазіргі уақытта әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан экономикалардың бірі болып табылады. Ал жиырма жылдан кейін Парсы шығанағы мемлекеттері өте ұқсас, бірақ жетілдірілген әдісін енгізді. Олар конституциялық реформалардың арқасында тәуелсіз ЕЭА басқару органдарын құру және АЭА аймағында ағылшын заңнамасын енгізуге шешім қабылдады. Осылайша, жаңа АЭА «Мемлекет ішіндегі мемлекет» концепциасына ұқсайтын болы. Соңғы халықаралық тенденцияларға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы осыған ұқсас стратегияны қолданып, мемлекет астанасында «Астана Халықаралық Қаржы Орталығын» құрған соңғы елдердің бірі болды. Жалпы, қаржы секторындағы Арнайы Экономикалық Аймақтардан алынатын маңызды сабақтар – конституциялық реформалар арқасында АЭА органдарының ұйымдастырушылық дербестігі мен заң шығару бастамасын қамтамасыз ету, ағылшын жалпы құқық жүйесін енгізу болып табылады.

Түйінді сөздер: арнайы экономикалық аймақтар, конституциялық реформалар, заңнамалық делегация, ұйымдастырушылық автономия, жалпы құқық, «Астана» халықаралық қаржы орталығы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-15

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ