Су ресурстарын пайдалану аясындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы

Авторлар

  • A. S. Sabyr Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы http://orcid.org/0000-0002-1955-7170
  • A. A. Tolegenova Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан, Атырау қаласы http://orcid.org/0009-0002-7219-5540

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.012
        62 89

Аннотация

Бұл мақала су ресурстарын пайдаланудағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық сипаттамасы қарастырылған. Мақалада авторлар Қазақстан Республикасында су ресурстарын пайдаланумен байланысты пайда болатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелерін талдап, осы ресурстармен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілеріне көңіл бөлді. Ғылыми мақаланың мақсаты болып қолданыстағы қылмыстық заңнамада көрсетілген суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу және теңіз ортасын ластау жөніндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар жан-жақты зерттеу, оларды саралау ерекшеліктері табылады. Осы мақаланың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын қарастыратын болсақ, отандық қылмыстық заңнама бойынша су ресурстарын қылмыстық-құқықтық қорғаудың мәнін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қарастырылған су ресурстарын пайдалану саласында қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктерін, аталған нормаларды қолдану мен жетілдіруді ашатын негізгі тұжырымдар мен ұсыныстардың жиынтығын қылмыстық құқық теориясына қосқан үлесі ретінде қарастыруға болады. Суларды қорғауға байланысты экологиялық, қылмыстық заңнамаларды қолдану мен заң шығармашылық мәселерін тұтас қараудың осы саладағы қылмыстылықтың алдын алуда маңызы ерекше. Зерттеу әдісі ретінде логикалық-құқықтық, жүйелік, функционалдық, салыстырмалықұқықтық әдістер қолданылды. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы суларды қылмыстық құқықтық қорғау, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының профилактикалық қызметтері проблемаларын кешенді зерттеу болып табылады. Түйін сөздер: су, су ресурстары, ластау, суларды ластау, суларды қоқыстау, сарқу, теңіз ортасы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-15

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ