Корпоративтік құқықтық қатынастардан туындайтын талаптарды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.06
        49 148

Аннотация

Ел экономикасын дамытуда корпоративтік қатынастар және корпоративтік басқару мәселелері өзектілікке ие. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев өз Жолдауларында атап өткендей, елімізде ондаған ұлттық холдинг, мемлекетке тиесілі мыңдаған кәсіпорын, квазимемлекеттік ұйым  жұмыс істейді. Алайда олардың жұмыс нәтижесі мен сапасы туралы мәселе бар және бір-екісінде ғана корпоративтік басқару жүйесі өз деңгейінде. Бұл қалған ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін дамыту керектігін көрсетеді. Оның экономикадағы орны маңызды, себебі халықаралық тиісті деңгейдегі корпоративтік басқару жүйесінің болмауынан кәсіпорындар мен ұйымдар қор биржасы арқылы қаржы тарта алмайды.

Мақалада автор «корпорация», «корпоративтік дау» ұғымына ғылыми тұжырымдама беріп, Корпоративтік даулардың жаңа санаттарын анықтау, олардың пайда болуы, заңды тұлғалар туралы материалдық азаматтық құқықтың новеллаларына талдау жүргізеді. Корпоративтік даулардың ведомстволық бағыныстылығын анықтауға байланысты өзекті проблемаларды, атап айтқанда, ведомстволық бағыныстылықтың қайшылықтарын анықтау және оларды тудырған себептерді түсіну және оларды шешу жолдарын ұсынады. Корпоративтік дауларды қатысты материалдық және іс жүргізу құқығының ерекшеліктеріне баса назар аударады. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «Акционерлік қоғам туралы» заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, Акционерлік қоғамды басқару және іскерлік формасына тиімді нұсқасын ұсынады.

Түйін сөздер: корпорация, корпоративтік дау, акционерлік қоғам, заңды тұлға, акция, корпоративтік қатынастар, дивиденд, акцияға түскен табыс, акцияның нарықтық бағасы, сот, талап арыз.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-15

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ