«Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында құжаттар ұсынуды құқықтық реттеудің кейбір аспектілері туралы

Авторлар

  • A. B. Satayeva М.С. Нарікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті, Қазақстан, Астана қаласы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.03
        56 51

Аннотация

 «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Сотының қызметі материалдық құқық саласындағы зерттеушілердің жіті назарында. Сонымен қатар, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Сотында сот төрелігін жүзеге асыруды құқықтық реттеудің кейбір аспектілері ғылыми қоғамдастық тарапынан тиісті назарсыз қалуда. Автор «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Сотында талқылауға сотқа дейінгі дайындық кезеңінде Тараптардың бір-біріне құжаттарды ұсынудың іс жүргізу тәртібін зерттеуге әрекет жасады. Мақала «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Сотының азаматтық процесінде құжаттарды ұсыну процесін құқықтық регламенттеуге арналған. Автор осы институттың ерекшелігін атап өтеді және құжаттарды ұсыну мен дәлелдемелерді ашудың арақатынасына назар аударады. Мақалада зерттелетін құбылыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауға, істі қарауға сотқа дейінгі дайындық кезеңінде құжаттарды ұсынудың субъектілері мен нысандарын анықтауға әрекет жасалды. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Соты қағидаларының нормаларын Қазақстан Республикасының Азаматтық Процесстік кодексінің қолданыстағы нормаларымен салыстырмалы-құқықтық талдау Халықаралық Қаржы Орталығының Сотында құжаттарды ұсыну және Қазақстанның мемлекеттік соттарында дәлелдемелерді ұсыну рәсімдерінің өзгешелігі туралы қорытындыға келуге мүмкіндік береді. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Сотында сенім білдірушілердің мүдделерін анағұрлым табысты білдіру үшін, құжаттарды ұсыну рәсіміне қатысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мақала тәжірибелі заңгерлерге қызықты болады. Зерттеудің ғылыми өзектілігі ұлттық заңнамаға ықтимал енгізу мақсатында мұқият және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін отандық ғылым үшін құбылыстың жаңалығымен анықталады.

Түйін сөздер: азаматтық процесс, дәлілдеу, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Соты, дәлелдемелерді ашу, дәлелдемелер, ортақ құқық.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-15

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ