Ағылшын құқығы бойынша адам құқықтары институты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.015
        57 44

Аннотация

Мақалада Ұлыбританияның тəжірибесі негізінде адам құқықтары қарастырылған. Отандық жəне шетелдік ғалымдардың ғылыми көзқарастарына талдау арқылы адам құқығын қорғаудың проблемалық жақтарын байқауға болады.

Жаһандану дəуірінде адамзат өркениетінің өзекті мəселелерін шешудегі адам құқықтарының рөлі артып келеді. Соңғы жылдары əлемдік құқықтық жүйеде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер адам құқықтарын қорғау, сақтау жəне дамыту үшін негіз болады. Бұл бір жағынан, əлемдік жаһандануға негізделген интеграция жəне аймақтандыру процесі, екінші жағынан, Ұлыбританиядағы ішкі саяси жəне либералды реформалар процестері.

Мақаланың басты түйіні жаһандану жағдайында Ұлыбританиядағы жеке тұлғалардың құқықтық мəртебесін зерттеу, ҚР-да адам құқықтары туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Мақалада жаһандандық үдерістер арқылы жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін ашу жəне оған авторлық тұрғыдан түсінік беру, адам құқықтарының қорғалуының құқықтық негіздері қарастырылды, Ұлыбританияда адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының қалыптасу ерекшеліктерін айқындау, азаматтық институтын талдау жəне оны арықарай ҚР-да дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды.

Түйін сөздер: адам құқықтары, бостандықтар, азаматтық, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, күшіне ену, мемлекет.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-23

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ