Экологиялық құқықтық тәртіп элементтерінің құрылымындағы экологиялық құқықтық сана

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.010
        93 47

Аннотация

Қазіргі кезеңде табиғатпен қарым-қатынастың ретсіз дамуы жекелеген объектілердің, аумақтардың, елдердің ғана емес, бүкіл адамзаттың өміріне қауіп төндіріп отыр. Бұл адамның материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру барысында бүкіл табиғаттағы тіршілік иелерімен тығыз байланыста болатынынан шығып отырған мәселе. Яғни жалпы алғанда, бүкіл адамзат өз дамуы барысында өзінің мәдени ортасын құрып, білімі мен еңбек және рухани тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырады. Қазіргі жағдайда мектеп қабырғасынан бастап университет деңгейіне дейінгі көлемде адамдардың экологиялық сауатын ашу жолымен экологиялық білім қоғамның ауқымды бөлігін қамтуы тиіс. Экологиялық білімнің бірегейлігі оның аясында жаңа білім беру мақсаттары қойылып, жаңа амал-тәсілдердің қолданылауында. Осыған байланысты экологиялық білімнің аса маңызды бөлімін әрбір жеке адамның және бүкіл қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісі құрайды. Жоба бойынша жұмыс барысында тұжырымдамалық әдіс, статистикалық және салыстыру әдістері, тарихи-құқықтық әдіс, талдау (яғни анализ) және синтездеу әдістері, «үлкен деректерді» пайдалану әдісі қолданылды. Экологиялық сана-сезімді қалыптастыру экологиялық білім берумен тығыз байланысты. Қоршаған ортаға байланысты туындап жатқан проблемалардың саны күннен-күнге артып отырғаны, олардың аймақтық немесе халықаралық сипатқа ие болуы немесе жалпы халықаралық қатынастарға кері әсерін тигізуі мемлекеттердің арасында барынша кең ынтымақтастық түзіп, халықаралық ұйымдардың мүддесіне сай келетін шараларды қолдануымызды талап етеді.

Құқықтық нормалардың сапасы экологиялық-құқықтық мәдениеттің деңгейіне, яғни қоғам өкілдерінің сол нормаларды біліп-түсінуіне әрі түсіндіруіне, сондай-ақ адамның экологиялық құқықтарын қолда бар құқықтық тәсілдердің барлығын қолданып қорғауға, күнделікті тіршілікте және кәсіби қызмет барысында экологиялық міндеттерді орнықты түрде орындауға дайын болуы дәрежесіне байланысты болып келеді.

Халықтың экологиялық құқықтық санасы жоғары деңгейге дейін дамымайынша және қоғам өкілдерінің барлығы заңдарды іске асыруға қатыспайынша, қоршаған ортаға қатысты бағдарламалар мен заңдар мән-мағынаға ие болмайды деген қорытынды жасалды. Қоршаған ортаны ұтымды пайдалану проблемаларын шешу үшін бұл іске қоғамның барынша кең ауқымда қатысуының мәні зор. Ал азаматтардың осы үдеріске қатысуына мүмкіндік жасау үшін ақпарат тарату шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз. 

Түйін сөздер: экологиялық құқық тәртібі, табиғатты қорғау заңнамасы, құқықтық тәртіп, экологиялық құқық, экологиялылық, экологиялық құқықтық сана

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ