Экологиялық білім беруді құқықтық мазмұны

Авторлар

  • Grzegorz Nizioł Хельмдегі халықаралық қатынастар және әлеуметтік коммуникациялар жоғары мектебі, Польша, Хельм қаласы http://orcid.org/0000-0002-9654-455X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.07
        57 37

Аннотация

Біздің ойымызша, экологиялық-құқықтық мәдениетті кез-келген экологиялық маңызды қызметтің құқықтық нормаларға сәйкестігімен сипатталатын жеке және қоғамдық сананың жай-күйі деп түсіну керек. Бұл нормалардың сапасы, олардың қоғамдағы білімі, түсінігі мен түсіндірілуі, сондай-ақ адамның экологиялық құқықтарын барлық заңды жолдармен қорғауға, күнделікті өмірде және кәсіби қызметте экологиялық міндеттерді тұрақты орындауға дайын болу деңгейі экологиялық және құқықтық мәдениет деңгейіне байланысты болып келеді. Экологиялық  білім беру, қоршаған орта саласындағы білім беру жүйесінде тұрақты дамудың негізгі және қажетті шарттарының бірі ретінде әрекет етеді. Осы мәселенің мақсаттарын айқындау кезінде, ең алдымен, жергілікті мәнмәтінде ғылыми деректерді пайдалана отырып және бұл ретте осы саладағы кәсіптік даярлыққа ерекше назар аудара отырып, халықтың барлық топтары үшін білім берудің, қоршаған орта мәселелері бойынша ағартудың және дамудың қолжетімділігін және қоршаған орта мен даму саласындағы тұжырымдамаларды барлық оқу бағдарламаларына енгізу қажеттілігін қамтамасыз етуге назар аударылады. Осылайша, экологиялық білім тұрақты дамудың имманентті құрамдас бөлігі болып табылады, оның барлық негізгі ережелерін айқын немесе жасырын түрде енгізеді, мақсатқа жетудің маңызды құралдарының бірі ретінде бөлінеді.

Негізгі сөздер: экологиялық құқық тәртібі, экологиялық заңнама, құқық тәртібі, экологиялық құқық, экология, экологиялық құқықтық сана

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ