Жоғары оқу орны – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі алаңы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.03
        97 57

Аннотация

Мақалада сыбайлас жемқорлықты жоюдың жаңа жолдарын іздеу мақсатында, шенеунік үшін ғана емес, қоғамның басқа мүшелері үшін де мінез-құлық стандарттарын анықтау ұсынылған.Зерттеудің негізгі идеясы – сыбайлас жемқорлықпен мемлекеттік қызметкер деңгейінде емес, сыбайлас жемқорлық ұғымы әлі өне бастаған кезінде, жас адамның санасы қалыптасу кезеңінде күресу ұсынылады. Яғни, еліміздің білім беру мекемелеріне барлық күш-жігерді бағыттау ұсынылады. Автордың пікірінше дәл осы жерде адам санасының қалыптасуына әлі де әсер ете алынады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға аса назар аудару керек екені көрсетілген.Аталған мәселеге жауап іздеу барысында мақала авторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын, саяси шешімдерін, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибелерін зерделеген. Мақалада байқалғандай, 2015 жылғы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 14 іс-қимыл шаралары көрсетілген, бірақ олардың 13-ші  мемлекеттік қызметкерлерін бақылау, кейбір әрекеттеріне тыйым салу мен шектеулер енгізуіне бағытталған, ал тек қана бір іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.Автордың ойынша, оқутышылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас құқық саласының шеңберінен тыс қалған. Мұғалімнің іс-әрекетін шектейтін, оқушылармен бейресми қарым-қатынасқа жауапкершілік жүктейтін тыйым салатын норманың жоқтығы, сондай-ақ мұғалімдерді жауапкершілікке тартудың құқық қолдану тәжірибесінің жоқтығы дәлел ретінде келтірілген.Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ресейлік тәжірибесі көрсетілген. Атап айтқанда, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік басқа мемлекеттік тұлғалармен қатар туындайды. Ресейлік заң шығарушы және құқық қолдану тәжірибесі университет оқытушыларын жемқорлық қылмыстардың субъектілері ретінде таниды. Яғни, университет оқытушылары студенттерден емтихан қабыладған үшін сыйлық немесе ақшалай қаражат алса пара алу қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні аясында студенттердің шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық технологиялар мен соңғы оқыту әдістерін пайдалана отырып », университеттің бірінші курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік бейнеролик байқауын өткізілгені туралы айтылған. Мұндай байқауды жыл сайын өткізу университеттің дәстүріне енгізу туралы шешім қабылданған екен.

Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; оқутышылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-15

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ