Түркияның нотариаттық жүйесінің негізгі сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.14Аннотация
Түркияда нотариус мемлекеттік қызмет болып табылады. Соған қарамастан нотариустың бірегей мәртебесі бар. Бір жағынан нотариустар кейбір жағынан мемлекеттік қызметші болғанымен, екінші жағынан қызметкерді жұмысқа алуға және жұмыстан шығаруға, алынған кірісті басқаруға, сотта өз атынан сөйлеуге, еңбекақы төлеуге құқылы, дербес салықтарды төлейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Осымен бірге мемлекет нотариаттық шығындарды өтемейді.
Нотариат туралы заңның 162-бабына сәйкес Түркиядағы нотариустың жауапкершілігі кінәға байланбаған. Тәжірибеден өтушілер, хатшылар және хатшыларға кандидаттар мұны істеген болса да, жұмыс жасалмаған немесе дұрыс немесе толық орындалмағандықтан зардап шеккендер үшін нотариустар жауапты.
Бұл жерде нотариустың жауапкершігінің басталуының шарттары нотариустың немесе оның стажерының, хатшы мен хатшыға кандидаттың заңсыз нотариаттық іс-әрекеттері бар екенімен заңсыз нотариаттық іс-әрекеттер мен зиянның арасындағы себепті байланыс болып табылады. Нотариустың нотариаттық іс-әрекеті мен келтірілген залал арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқтығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершілік жойылады.
Түйінді сөздер: нотариус-нотариус-нотариус мәртебесі-нотариус мәртебесінің бірегейлігі, нотариустың жауапкершілігі, нотариустың кінәсіз жауапкершілігі.