Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік (ҚР ҚК 277 бап)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.11
        148 176

Аннотация

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы заңды талдауға арналған. Зерттеу көрсеткендей, бірқатар қолайсыз факторлар (ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық және т.б.), алдын-алу шараларының тиімділігі төмен болған кезде бұл әрекеттің әлеуметтік қауіптілігі тұрақты түрде артып келеді. Жұмыста соңғы бес жылдағы еңбекті қорғау ережелерін бұзудың осы түрінің динамикасы келтірілген, іс-әрекетті дұрыс саралау үшін жүргізілетін жұмыс түрін және бұзылған қауіпсіздік ережелерінің нақты тармағын белгілеудің маңыздылығы, теориялық және практикалық маңыздылығы атап өтілген. Қылмыстық құқық доктринасын ескере отырып және сот практикасынан алынған мысалдарда тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың неғұрлым тән түрлері, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің белгілері, оның қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа аралас құрамдарынан айырмашылығы көрсетіледі.

Түйінді сөздер: қауіпсіздік ережелерін бұзу, тау-кен және құрылыс жұмыстары, қылмыстық жауапкершілік, құқықтық регламенттеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Bakishev, K. A. (2022). Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік (ҚР ҚК 277 бап). ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 104–111. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.11

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА