Жаһандық жылыну және климаттың өзгеруі жағдайында жер ресурстарын деградациядан құқықтық қорғау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.08
        111 103

Аннотация

Соңғы онжылдықтарда жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруі күн тәртібіндегі басты мәселе. Бүкіл әлемде құнарлы топырақтың азаюы, жердің деградация дәрежесінің артуы байқалады. Халықты жеткілікті мөлшерде және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Жер ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау жүйесі құнарлылықты сақтау үшін шешуші шараларды қажет ететіні анық. Бұл мақаланың мақсаты экологиялық көзқарас негізінде жер ресурстарын құқықтық қорғауға өзгерістер енгізуді ұсыну болып табылады. Сондықтан жұмыста дүниежүзінде және Қазақстандағы топырақтың тозу себептеріне егжей-тегжейлі талдау жасалып, табиғатты қорғау заңнамасы ұзақ мерзімді негізде жердің сапасын жақсарту және құнарлылығын арттыру призмасы арқылы қарастырылады. Қазақстан Республикасы экологиялық проблемалары айтарлықтай өткір, бірақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде тиісті шешімін таппаған елдердің бірі болып табылады. Ғылыми мақаланы жазу барысында экожүйелік, ақпараттық, статистикалық деректерді талдау, деректердің сандық және сапалық әдістері, мазмұнды талдау және т.б. қамтитын ғылыми танымның әдіснамалық тәсілдері мен әдістерінің кешені пайдаланылды. Құқықтық нормалар жерді табиғи жүйенің бөлігі ретінде емес, табиғи ресурстар ретінде қарастыру жағдайында экологиялық жағдайдың өзгеруіне ішінара ғана әсер ете алады, оның ішінде адамзат элементтерінің бірі болып табылады. Экологиялық кодекс ластану мен жердің тозуын азайту, топырақ құнарлығын қамтамасыз ету және биоәртүрлілікті сақтауда жер пайдаланушыларды экономикалық ынталандыру қағидаттарын біріктіруді талап етеді.

Түйін сөздер: экология, топырақтың деградациясы, экологиялық кодекс, жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі, жер ресурстары.

Жүктелулер

Как цитировать

Tulenova, A. M., & Aigarinova, G. T. (2022). Жаһандық жылыну және климаттың өзгеруі жағдайында жер ресурстарын деградациядан құқықтық қорғау. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 76–85. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.08

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ