Тәуелсіз мемлекеттің саяси өміріндегі сайлаудың рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.07
        1169 117

Аннотация

ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырады, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады, халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Сайлау – Республика халқының мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруының бір нысаны, мемлекеттің демократиялық сипатын байқататын саяси жүйенің орталық элементі. Ол республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық өкілді билік органдарының, муниципалдық органдардың, мемлекет басшысы мен біраз демократиялық мемлекеттерде жергілікті атқарушы билік басшысының қызмет етуінің негізі болып табылады. Сайлау азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне араласуына, мемлекет істерін басқаруға қатысуына мүмкіндік беретін демократияның ең бір ықпалды нысаны ретінде танылады. Мақала сайлаудың мемлекет пен қоғам өмірінде атқаратын рөлін ашуға арналған. Тиісті міндетті орындау үшін мақалада сайлаудың демократиялық режимдегі мемлекеттердегі маңызы ашылып, оның әрекет етуші тұтастай мемлекеттік биліктің легитимділігін қамтамасыз ету рөлі, сайлаулардың функциялары қарастырылды. Сонымен қоса, сайлау институтының мемлекеттің саяси жүйесінде өзінің тағайымына толық сай келуі үшін мақалада сайлау құқықтарының іске асуының, бұзылмауының кепілдіктері қарастырылып, оларды жетілдіру қажеттігі негізделді.

Түйін сөздер: мемлекеттік билік, демократиялық мемлекет, саяси жүйе, сайлау, халықтық сайлау, сайлау құқықтары, сайлау құқықтарының кепілдіктері, сайлаушы, үміткер, дауыс беру, абсентеизм.

Жүктелулер

Как цитировать

Zharbolova, A. Z., Mynbatyrova, N. K., Baimahanova, D. M., Smanova, A. B., & Kusaynov, D. O. (2022). Тәуелсіз мемлекеттің саяси өміріндегі сайлаудың рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 65–73. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.07

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ