Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және орындау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.05
        149 95

Аннотация

Мақалада ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалған. Ғылыми сараптама норма шығару процесінің сапасы мен тиімділігін бағалаудың негізгі құралы ретінде қарастырылса, автор Қазақстан Республикасында жүргізілетін ғылыми сараптаманың түрлері (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық) болып табылатынын атап көрсетеді, бұл ұлттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын ішінара ғана қамтамасыз ете алады.

Мақалада заң шығармашылығы процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімдісі сараптаманың тәуелсіз түрі ретінде ұлттық мүдделерге сәйкестігіне ғылыми сараптама жүргізу негізделген. Ұлттық мүдделерге сәйкес ғылыми сараптаманың тәуелсіз түрін енгізуге қатысты ұстанымдарды дамыта отырып, оның тек заң жобасын дайындау кезеңімен ғана шектеліп қалмауы тиіс екенін атап өткен жөн. Ұлттық мүдделерді сақтау жөніндегі ғылыми сараптама құқықтық мониторинг институтымен бірге Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қатысты қолданылуы тиіс.

No АР14872048 ғылыми жоба аясында:  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін заңнамалық салада қамтамасыз ету шараларын әзірленді.

Кілт сөздер:Ұлттық қауіпсіздік, заңнама, ғылыми сараптама, нормативтік құқықтық акт, ұлттық мүдделер, халықаралық шарттар.

Жүктелулер

Как цитировать

Salimgerei, A. A. (2022). Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және орындау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 48–58. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.05

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ