Құқықтық білім беру мысалында оқытушының мәдениаралық құзыреттілігін құқықтық реттеу мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.01
        113 69

Аннотация

Шетелдік студенттер саны университеттердің халықаралық тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан да біз шетелдік студенттермен жұмыс істейтін қазақстандық университеттердің оқытушылары мен қызметкерлерінің мәдениетаралық құзыреттілігін арттыру үшін жұмыс істейміз. Оқытушылардың мәдениетаралық құзыреттілігі деңгейінің жеткіліксіздігі білім беру процесін қиындатады, оқыту үшін мәдениетаралық ортаның артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін жояды, топтық өзара іс-қимылдың нашарлауына және соның салдарынан шетелдік студенттердің көз алдында білім беру беделінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Оқытушылардың МАҚ кеңейту үшін ғылыми-әдістемелік базаны дамытуға баса назар аудару, осылайша, біздің жобамыздың шетелдік студенттердің көптілді (және мультимәдени) аудиториясымен жұмыс істеу үшін Қазақстандық жоғары мектебі оқытушыларын даярлауға деген қажеттіліктің өсіп келе жатқанының сәйкестігін растайды.

Зерттеудің мақсаты көп тілді (және көп мәдениетті) аудиториямен жұмыс істеу үшін Қазақстанның жоғары мектебінің заңгер-оқытушыларын даярлау үшін МАҚ енгізу және жетілдіру мақсатында заңгер-оқытушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін (МАҚ) кеңейтудің тұрақты моделін құру үшін тұжырымдамалық, құқықтық және әдіснамалық негізді әзірлеу болып табылады. Зерттеу нәтижелері халықаралық академиялық байланыстарды кеңейтуге алып келетін жаңа әлеуметтік-педагогикалық және білім беру міндеттерін шешу үшін неғұрлым тиімді модельдер құруға ықпал ететін болады, бұл ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасында жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға қызмет етеді.

Мақала ғылыми жобаның материалдары негізінде жазылған: Университет оқытушысының мәдениаралық құзыреті және оның Қазақстандағы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсері.

Түйінді сөздер: білім алу құқығы, заңгерлік білім, шетелдік студенттер мен алмасу бойынша студенттер, қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігі, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік

Жүктелулер

Как цитировать

Aydarkhanova, K. N., Kozhabek, K. A., Tasbulatova, A. A., Atakhanova, S. K., & Shansharbaeva, B. S. (2022). Құқықтық білім беру мысалында оқытушының мәдениаралық құзыреттілігін құқықтық реттеу мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 4–12. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ