Халықаралық қаржы орталықтарының құқықтық реттеуі – халықаралық және қазақстандық тәжірибенің салыстырмалы талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.014Аннотация
Халықаралық қаржы орталықтарының құқықтық реттеуі – халықаралық және қазақстандық тәжірибенің салыстырмалы талдауы
Халықаралық қаржы орталықтары (ХҚҚ) қазіргі жаһандық экономиканың қозғаушы күші мен құрамдас бөлігіне айналды. Халықаралық инвесторларды тартудағы маңыздылығына байланысты мемлекеттер өз қалаларын халықаралық қаржы орталығы ретінде құруға және дамытуға өте мүдделі. ХҚҚ және оның тиімділігіне ықпал ететін факторларды талдау үшін көптеген зерттеулер жүргізілді, алайда зерттеулердің көпшілігін қаржы-экономикалық ғалымдар жасады. Сонымен, берілген зерттеудің жаңалығы оның қаржы орталықтарын құқықтық реттеу аспектілерін және қалаларды қаржы орталығы ретінде дамытуда қолданылған тарихи және заманауи құқықтық әдістерді қарастыра отырып, заң ғылымының аясында жасалғандығында. Біздің зерттеулеріміз қаланың қаржы орталығы ретіндегі жетістігі мен оның тиімді құқықтық реттелуі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Сонымен, біздің мақсатымыз ХҚҚ дамуының тарихи кезеңдерін анықтау және әлемдік ауқымда, сондай-ақ Қазақстан аумағында құқықтық реттеудің өзіндік бірегей әдісін ажырату болды.
Түйін сөздер: АХҚО, РҚОА, ДХҚО, ерекше экономикалық аймақ, арнайы қаржы аймағы, құқықтық реттеу, конституциялық реттеу, формасыз құқықтық реттеу, ерекше құқықтық режим.