Адвокаттық қызметпен айналысатын тұлғалар және мұндай қызметті жүзеге асыруға кепілдік беретін азаматтар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.013
        70 55

Аннотация

Бұл мақалада адвокаттардың іс жүргізудің жаңа институттардың бірі процестік келісім түсінігі және қазіргі кездегі нысыандары қарастырылады. Сонымен қатар қылмыстық процестік кодексте берілген процестік келісің түрлері, жаңа заңға сәйкес адвокаттардың қылмыстық процесте қатысуын қарастыралады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 70-бабының 2-бөлігінде аталған жеке тұлғаларды қылмыстық қудалаудан қорғауды адвокаттар жүзеге асырады.

Адвокатура - бұл адвокаттардың меншігі, яғни өздерін осы мамандыққа арнаған адамдар класы. Адвокатураның ең толық түсінігі келесідей, адвокатура-бұл заң негізінде халыққа және заңды тұлғаларға заңгерлік көмек көрсететін кәсіби ұйым.

Мақаланың мақсаты - осы саладағы жинақталған теориялық және тәжірбиелік білімге, сондай-ақ ҚПК нормаларына сәйкес, қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс жүргізу заңдарын және құқықтық тәжірбие жетілдіру. Процессуалдық іс жүргізу барысына қатысушылары мен субъектілерге салыстырмалы құқықтық талдау жасалды. Зерттеу жұмысында субъектілердің құқықтық институт ретінде саналатын қорғаушының ролі мен ерекшеліктері талқыланып қарастырылған, атап айтқанда адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін айыпталушы тараптың өкілдері талданған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі қылымыстық процесс барысында күдікті, айыпталушы, қорғаушы-адвокат, қылмыстық процестің тиімділігі.

Түйін сөздер: әділдік, айыпталушы, қылмыстық процесс, адвокат, қорғаушы.

Жүктелулер

Как цитировать

Sabitova, A. S. (2022). Адвокаттық қызметпен айналысатын тұлғалар және мұндай қызметті жүзеге асыруға кепілдік беретін азаматтар. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 102(2), 121–127. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.013

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА