Қылмыстық теріс қылық және қылмыс ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.010
        198 358

Аннотация

Мақалада қылмыстық құқықтың жалпы бөлігіндегі негізгі, жаңа институт - қылмыстық құқық бұзушылық, оның белгілері мен түрлері қазіргі қылмыстық заңнамаға сәйкес және шетелдің сот-тергеу тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасай отырып зерттелген. Соның ішінде сот-тергеу тәжірибесінде аса қиындықтар тудыратын қылмыстық теріс қылықтарды қылмыстан және әкімшілік құқық бұзушылқтардан ажырату мәселесі зерттелген.  Қылмыстық теріс қылықтардың жаңа анықтамасын ұсыну, сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылық анықтамасын заңдастыруға қатысты көзқарастар келтіріледі.

               Зерттеудің  мақсаты  қылмыстық теріс қылықтың ерекшеліктерін қазіргі қылмыстық заңнамаға сәйкес және шетелдің сот тәжірибесін қолдана отырып талдау.

Зерттеу идеясы: қылмыстық заңнаманың ұлттық моделі еуропалық модельге жақын болуы керек, бірақ оның көшірмесі болмауы керек.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы: қылмыстық заңның қазақстандық моделін еуропалық модельге  заңды  бейімдеу  үшін  ғылыми  алғышарттарды  қалыптастыру. 

Практикалық  маңыздылығы: ҚР қолданыстағы ҚК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар тұжырымдау.

Зерттеу әдістемесі: құқықтық нормаларды логикалық-құқықтық талдау, компаративистика, құқықтық феноменді құқықтық құбылыстарға айналдыру процестеріне диалектикалық көзқарас әдістерінің жиынтығы.

Жүргізілген  зерттеудің  құндылығы:  қылмыстық  құқық  саласындағы  проблемаларды зерттеу әдіснамасындағы жекелеген олқылықтардың орнын толтыру.

Түйін сөздер: қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыс, қылмыстық теріс қылық, қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстық жауаптылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Kuаnаlіyеvа G. A., Shulanbekova, G. K., Rаkhіmоvа G. N., & Аbіshеvа M. N. (2022). Қылмыстық теріс қылық және қылмыс ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 102(2), 98–106. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.010

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА