Еуропалық адам құқықтарын қорғау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен басқа құқықтық тетіктерден айырмашылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.02
        107 286

Аннотация

 

Бұл мақаланың бірден-бірмақсаты –Еуропалық адам құқықтарын қорғау жүйесінің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жүйесіндегі орнын көрсету. Осыған сәйкес авторлар Еуропалық Одақтың негізгі құқықтар туралы Хартиясын, 1950 жылы қабылданған адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенциясын, Еуропалық Әлеуметтік Хартиясын және ЕҚЫҰ-ның құжаттарын салыстыра отырып, оның адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жүйесіндегі орнын айқындайды. Мақалада аталған нормативтік құжаттардың жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ерекше рөлі ашылған. Тақырып аясында айналымдағы адам құқықтары бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер құқықтық жүйеге енгізу үшін құқықтық контекстегі кемшіліктерді талдау үшін өзара байланысты болды. Мысал ретінде тиісті баптарға сілтеме жасалды. Мақалада еуропалық адам құқықтарын қорғау жүйесінің Қазақстан Республикасының құқық қолдану аясы үшін маңыздылығы атап өтілген. Осы саладағы еуропа құқық кеңістігіндегі нормативтік база жан-жақты талданды. Зерттеу нәтижелері бойынша еуропалық адам құқықтарын қорғау жүйесінің ұтымды бөліктерін отандық адам құқықтарын қорғау жүйесіне енгізу ұсынылды. Адам және азамат құқықтарын іске асыру тетігі үшін қолданыстағы заңнама функционалды және хронологиялық тәртіппен ұйымдастырылған белгілі бір құқықты жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жүйесін білдіреді.

Түйін сөздер: адам құқықтары мен бостандықтары, Еуропалық конвенция, хартия, негізгі құқықтар, адам құқықтарын қорғау, тетік, жүйе.

Жүктелулер

Как цитировать

Saitbekov, A. M. (2022). Еуропалық адам құқықтарын қорғау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен басқа құқықтық тетіктерден айырмашылығы. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 102(2), 14–21. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.02

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ