Халықтың көші-қоны тұрпаттамасының өзекті мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.01
        97 100

Аннотация

Қазіргі заманғы халықаралық жағдай халықтың көші‑қоны мәселелеріне бүкіл қоғамның назарын аударып отыр. Миллиондаған адамдардың қоныс аударуы мемлекеттік және қоғамдық деңгейде алаңдатушылық тудыруда. Осы үдерістердің мазмұның түсіндіретін теориялық ғылыми ізденістердің маңызы зор. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын әзірлеуде ғылыми негіздерді ескеру міндетті шарт. Көші-қон тақырыбы бойынша зерттеулер бар болғанымен, оның тұрпаттамасы мен жіктелуіне қатысты еңбектер көп емес. Кез‑келген тақырыпты зерттеу кезінде ұғымдар аппараты мен жіктеуін анықтап алмаса, онда әртүрлі түсініспеушіліктер, оның нәтижесінде қате шешімдер де қабылдануы мүмкін. Сондықтан, әрбір құбылыстың негізгі ұғымдарын, тұрпаттамасын, жіктеуін анықтаудың маңызы орасан зор. Ғылыми қауымдастық арасында халықтың көші‑қоны тұрпаттамасы мен жіктеуінің бірнеше нұсқалары бар. Осы мақалада тақырыпқа қатысты жақын және алыс шетелдегі іргелі және заманауи ғылыми пікірлерге талдау жасалып, одан кейін әзірленген көші‑қонның тұрпаттамасы ұсынылады. Оған қоса оның көші-қонды жіктеуден айырмашылығы көрсетіледі. Бұл көші‑қон құбылысын жан‑жақты түсінуге, оның белгілер арқылы жіктелуі, түрлерінің көп болуы бағытында ғылыми пікір алмасуға негізді үлес қосу бойынша жүйелі жұмыс.

Түйін сөздер: халықтың көші‑қоны, халықтың көші-қоны тұрпаттамасы, халықтың көші-қоның жіктеу, халықтың көші-қонының белгілері.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhampeisov, D. A., & Zhampeisov, D. A. (2022). Халықтың көші-қоны тұрпаттамасының өзекті мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 102(2), 4–13. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ