Бас бостандығынан айыру орындарындағы қамаудағылардың құқықтары және халықаралық міндеттемелерді сақтау

Авторлар

  • A. Ye. Bekturganov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Cұлтан қаласы http://orcid.org/0000-0002-1450-2867
  • A. A. Musekenova І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қаласы http://orcid.org/0000-0003-3544-2311

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.07
        127 79

Аннотация

Бүгінгі таңда Қазақстанда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, заңнамалық базаны жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп, жалғасуда. Біз Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесінде халықаралық-құқықтық стандарттарды тәжірибеде жиірек қолдануды бастадық, бұл бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Соңғы жылдары көптеген заңнамалық актілер реформалаудан өтті, оның ішінде ҚР ҚАК, 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясы әлеуметтік саланы жетілдіруде белгілі бір қадам болып табылады. Енгізілген өзгерістер қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен жағдайларын жақсартуға бағытталған, сонымен қатар қылмыстық-атқару заңнамасының жаңа редакциясы тұтастай алғанда жүргізіліп жатқан қылмыстық-атқару саясатының сабақтастығын сақтап қалды және пенитенциарлық жүйені одан әрі дамытудың аса маңызды векторларын, сондай-ақ халықаралық-құқықтық нормалар мен алынған халықаралық міндеттемелерді сақтауға негізделе отырып, жазалау мақсаттары мен ҚР Қылмыстық-атқару құқығы қағидаттарын іске асырудың нақты мүмкіндіктерін ескеретін бірқатар объективті түзетулерді уақтылы енгізді. Мақалада жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарына кепілдік беру мәселелері қарастырылады, кейбір заңнамалық актілерге қосымша нормалар енгізу туралы ұсыныстар орын алды.

Түйін сөздер: пенитенциарлық жүйе, халықаралық стандарттар, сотталғандар, халықаралық міндеттемелер.

Жүктелулер

Как цитировать

Bekturganov, A. Y., & Musekenova, A. A. (2022). Бас бостандығынан айыру орындарындағы қамаудағылардың құқықтары және халықаралық міндеттемелерді сақтау. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 101(1), 62–69. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.07

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ