Бағалауыштық пайымдау сот-лингвистикалық сараптамасының нысаны ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.06Аннотация
Мақалада бүгінгі қоғам өміріндегі көкейтесті мәселелердің шешімін табуда маңызды болып табылатын сот-лингвистикалық сараптамасы нысанының бірі – бағалауыштық пайымдаудың қызметі қарастырылады.
Адамның құқықтары мен жеке басын қорғау қазіргі қоғамдағы басым құқықтық бағыт болып табылатындығы бәрімізге белгілі. Сол себепті, қазіргі медиа орта – бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет желілерінде және қоғамдық қарым-қатынас жасау кезінде даулы жағдайларға байланысты туындайтын, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы сот істерінің көбеюі кең таралып жатқан уақытта, материалдарға лингвистикалық сараптама жүргізу кең қолданылады. Конфликтогенді мәтіндер құрамындағы сөз қолданыстарына баға беру арқылы, сарапшы-лингвист мәтінге филологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып,қорытынды шығарады. Сарапшының жасаған қорытындысы, азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізу процесіндегі негізгі дәлелдердің бірі болып саналады.
Лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде тіл мен сөйлеу құралдары арқылы мәліметтерді бекіту, бағалауыштық пайымдауларды, сондай-ақ мәтін авторының субъективті пікірін ажырату аса маңызды рөл атқаратындығы белгілі. Бағалауыштық пайымдау – оқиға немесе қарастырылып отырған жағдайлардың, адамдардың қасиеті мен іс-әрекеттерінің қандай да бір дәреже деңгейінде белгілі бір құндылыққа жақсы не жаман нəрсе тұрғысынан баға бере отырып, лингвистикалық сараптама жасаудың құнды негізі болады.
Түйін сөздер: сот-лингвистикалық сараптама, бағалауыштық пайымдау, баға беру, құқық, конфликтогенді мәтіндер, сарапшы-лингвист.