Су қатынастары теориясындағы су заңнамасының заманауи концепциялары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.05
        50 88

Аннотация

Суды тиімді пайдалану мен қорғау мәселесі су қатынастарын жан-жақты құқықтық реттеу, яғни оны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесі сияқты заманауи су қатынастары және су құқығы жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл заманауи су заңнамасының ұғымы, мағынасы мен мазмұнының Қазақстанның құқық ғылымында дербес құқықтық институт ретінде кең ауқымды деңгейде талданып, зерделенгеніне қарамастан, шынайы өмірде су қатынастарын құқықтық реттеу саласында бұрынғысынша дереу қарастыруды талап ететін көптеген мәселелердің әлі де өз шешімін таппауымен байланысты. Өкінішке орай, заманау су заңнамасы су қатынастарын абсолютті реттеушінің міндетін атқаруға әлі қауқарсыз. Ол әлі де болашақта жете зерттеу мен жетілдіруді талап етеді.

Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану және бірінші кезекте су қатынастарының барлық түрін толыққанды регламенттеуді көздейтін заңнамамен қамтамасыз ету «адамды, оның өмірін, құқықтары мен еркіндігін ең басты құндылықтары санайтын» құқықтық мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуы мен қалыптасу саясатының басым, стратегиялық бағыттарының бірі болып танылады. Сондықтан, бізді қоршаған шынайы болмыстың заманауи жағдайы су заңнамасының сапасына және жалпы алғанда, Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі дербес құқық саласы ретінде су құқығы шеңберінде жүзеге асырылатын су қатынастарын құқықтық реттеу мәселелеріне қойылатын жаңа талаптарды белгілейді.

Негізгі сөздер: су құқығы, су заңнамасы, су бойынша құқықтық қатынастар, су ресурстарын тиімді пайдалану, су қатынастарының теориясы, құқықтық жүйе.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-03-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ