Суррогат ана болу шартының мәні және оның құқықтық ерекшіліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.04Аннотация
Ғылыми мақалада суррогат ана болу шарты ұғымының, оның елеулі және өзге де шарттарының анықтамасы; суррогат ана мен ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің мазмұнын ашу; сондай-ақ суррогат ана мен ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) арасындағы қатынастарды шарттық негізде реттеудің өзектілігін негіздеп, сондай-ақ осы қатынастарды реттеудің репродуктивтік тәсілді технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың шығу тегін анықтап тәртібіне әсерін белгілеу көзделеді.
Ғылымның, инновациялық технологиялардың дамуымен жаңа проблемалар туындайды, олардың бірі суррогат ана мәселесі болып табылады. Қазақстанда суррогат ана болуды құқықтық реттеудің негіздері 1998 жылы "Неке және отбасы туралы" Заңның қабылдануымен бастау алады , онда осы әдісті қосалқы репродуктивтік технологиялар ретінде пайдалану құқығы көзделген. 2004 жылы "азаматтардың репродуктивті құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" ҚР Заңы қабылданды (//http://adilet.zan.kz/rus/docs/P020001410_/info). 2009 жылы суррогат ана болуды құқықтық реттеудің негіздері көзделген "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі қабылданды (ҚР кодексі 2020 жылдың 7 шілдесінен No 360-VI ЗРК). 2011 жылғы 26 желтоқсанда "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексі қабылданды, онда 9-тарауда "суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану"бөлімі бар.
Түйін сөздер: суррогат ана, отбасы құқығы, бала, ерлі-зайыптылар.