Қазіргі кезеңдегі жаңа сын-қатерлер мен қауіптердің алдын алудағы мемлекеттің рөлі: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды функционалдық-құқықтық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v101.i1.02
        84 48

Аннотация

Бұл мақала қазіргі кезеңдегі жаңа қауіп-қатерлердің алдын алудағы мемлекеттің рөлін анықтауға арналған.  Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге талдау жүргізіледі, жаңа сын-қатерлер айқындалады. Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Авторлар мемлекеттік биліктің біртұтастығын қамтамасыз ету қағидатын бұзу мемлекеттің бүкіл жүйесінің теріс салдарына әкелуі мүмкін деп санайды. Мемлекеттік органдардың келісілген өзара іс-қимылына кедергі келтіретін себептерді анықтау мақсатында заңға тәуелді сипаттағы барлық нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу ұсынылады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-қимыл болып табылады. Барлық мемлекеттік органдардың ерекше назары бірыңғай аумақ, бірыңғай азаматтық, бірыңғай жоғарғы билік, бірыңғай құқық жүйесі, бірыңғай мемлекеттік тіл негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті, мемлекеттің тұтастығы мен халық бірлігін нығайтуға бағытталуы тиіс деген тұжырым жасалды.

Түйін сөздер: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келісілген жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік биліктің бірлігі, терроризмге қарсы іс-қимыл.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-03-15

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ