Халықаралық жеке құқықтағы танылмаған мемлекеттер заңын қолдану мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.11
        131 204

Аннотация

Бұл мақалада танылмаған мемлекеттер заңдарын халықаралық жеке құқықта қолдануға қатысты мәселелер қарастырылады. Бұл мәселенің өзектілігі танылмаған мемлекеттердің мәртебесінің халықаралық жария құқыққа сәйкес мәртебесінің шешілмегендігін ескере отырып, олардың заңдарын халықаралық жеке құқық саласында қолдану мүмкіндігінде жатыр. Бұл бірлестіктер 1933 жылғы мемлекеттің құқықтары мен міндеттері туралы Монтевидео конвенциясында көзделген барлық талаптарды қамтығанына қарамастан, оларға әлі күнге дейін толыққанды мемлекеттер ретінде жұмыс істеуге толық мүмкіндік берілмей тұр. Танылмаған мемлекеттердің болуы көптеген дауларды шешуде үлкен кедергі болып табылады. Халықаралық қауымдастықтың қолданыстағы нормаларымен осы бірлестіктердің мәртебесін анықтау қиынға соғып тұр, дегенмен, осы проблеманы ескере отырып, халықаралық жеке құқық саласында басқа мәселелер көтеріліп жатыр: мемлекеттер танылмаған мемлекеттердің заңын қолдана ала ма деген сұрақтар көтіруде. Бұл мақала танылмаған мемлекеттер заңдарын қолдану мүмкіндігі туралы жауап беретін жалпы және салыстырмалы құқықтық талдауды қолдану арқылы қарастырылады. Осы мақаланың соңында осы проблеманы шешуге арналған халықаралық жеке құқықта танылмаған мемлекеттер заңдарын қолдануға қатысты шешімдерді табуға көмектесетін ұсыныстар жиынтығы ұсынылады.

Түйін сөздер: танылмаған мемлекеттер, танылмаған мемлекеттердің заңдары, шетелдік заңнаманы қолдану, шетелдік құжаттарды тану, заңдар коллизиясы, мемлекеттік тану.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ