Қазақ қоғамының тарихи дамуындағы әйелдердің жағдайы
Аннотация
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдердің құқықтық жағдайы Орта Азия елдеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайымен салыстырғанда еркіндігімен, қорғалуымен ерекшеленді. Қазақ әйелдері беттерін жаппаған, бозбала жігіттер мен бойжеткен қыздар еркін сөйлескен. Бұл дәстүр өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне ерекше әсер еткен. Қазақ қоғамында тастанды, жетім балалар деген түсінік болмаған, әйелдердің мүліктік жағдайы нақты айқындалған. Қазақтардың дәстүрлі құқығының өзгешелігі туыстарына деген қамқоршыл, мейірбан көзқарастармен сипатталады, отбасылық меншік құндылығын сақтау, қоғамдағы әрбір тұлғаның қызығушылығын қорғау болып табылады. Қазақтардың жай құқық тарихында ең маңыздысы «Жеті Жарғы» заңдарының шығуымен байланысты. Мақалада отбасылық-неке және мүліктік қатынастарды
реттейтін жағдайлар, сонымен қатар әйелдерге қатысты жасалған қылмыстарға жаза тағайындау ережелері қарастырылады. Түйін сөздер: Қазақстан, әйел, дәстүр, құқық, жаза, қылмыс, заң, неке, қоғам, табу.