Англо-американдық және романо-германдық құқықтық отбасыларына салыстырмалы сипаттама

Авторлар

  • А. З. Амангалиева
        439 822

Аннотация

Зерттеу тақырыбы англо-американдық және романо-германдық құқықтық отбасыларын алыстырмалы талдауға арналған. Ғылыми зерттеудің мақсаты осы құқықтық отбасылардың аса маңызды, елеулі ерекшеліктерін және олардың өзара жақындасу мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Келешекте англо-американдық және романо-германдық құқықтық отбасылардың жақындасуы (құқықтық конвергенция) үрдісі тереңдей түседі және жаңа құқықтық институттарды
ұлттық құқыққа имплементациялау мәселесі зор маңызға ие болады деп күтілуде. Осы мақсаттар үшін автор құқықтық отбасыларын жіктеудің негізгі түрлерін қарастырады,
заң әдебиеттерінде «ағылшын құқығы», «жалпы құқық», «англо-саксондық-құқық» терминдерінің қолданылуын талдайды. Қазіргі кезде ұлттық заңнамаға ағылшын құқығының нормаларын имплементациялау мәселесі «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуымен байланысты белсенді талқылануда.
Осыған байланысты жүргізілген зерттеу теориялық жағынан құнды, себебі ол ағылшын құқығы нормаларын ұлттық заңнамада қабылдау және қолдануы кезінде туындауы мүмкін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: құқықтық отбасы, англо-американдық құқықтық отбасы, ағылшын құқығы, жалпы құқық, романо-германдық құқықтық отбасы, континенталды құқық отбасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Амангалиева, А. З. (2021). Англо-американдық және романо-германдық құқықтық отбасыларына салыстырмалы сипаттама. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 86(2), 15–23. вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2561

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ