Қазақстанның заң ғылымының дамуы: даму мәселелері мен алғышарттары

Авторлар

  • А. С. Ибраева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • Г. Р. Усеинова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • А. С. Байкенжеев
  • Д. А. Турсынкулова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
        193 88

Аннотация

Бұл баяндамада Қазақстандағы заң ғылымының жағдайы анықталып, мәселелері айқындалады, даму перспективалары белгіленеді, ұсыныстар беріледі. Заң ғылымы ұлттық құқық қорғау және сот жүйелерінің барлық салаларының одан әрі жетілдіру, сондай-ақ сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметтегі құқықтық негізін, стратегиялық бағытын айқындауы тиіс деген қорытынды жасалды. Баяндамада қазақстандық заң ғылымының жалпы сипаттамасы берілген. Заң ғылымының заң білімімен тығыз байланысты екендігі атап өтіледі. Бұл салада көптеген мәселелер бар. Баяндамада Қазақстандағы заң ғылымының даму деңгейі өте төмен деп бағаланады. Ол ғылыми кадрларды дайындауда Болон конвенциясына (Болон процесі) сәйкес білім беру жүйесіндегі реформалар күтілген оң нәтижелерге әкелмегендігі жайлы қорытынды
жасалды. Азаматтық құқық, әкiмшiлiк құқық, кәмелетке толмаған балалардың құқығы, экологиялық құқық саласындағы Қазақстанның заң ғылымын дамытудың өзекті бағыттары анықталды. ЖОО-ларда және институттарда ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету төмен. Ғалымның
мәртебесі жоғары емес. Жастардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығы жоқ. Жаңа кадрлардың
ғылымға тартылуын ынталандыру қажет. Баяндамаға Қазақстанның заң ғылымын дамыту туралы ұсыныстар енгізілді. Докторлық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ ұсынатын журналдар тізімін көбейтуді ұсынамыз. «Құқықтану» секциясы бойынша РОӘК-ті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да енгізу үшін жіберуді ұсынамыз. Докторанттар дайындау үшін құқықтану мамандығы бойынша PhD докторанттардың грант санын 2-3 есе ұлғайтуды ұсынамыз. PhD докторанттарының бірінші жылдағы теориялық
дайындықтарын екі семестрге қысқартуды ұсынамыз. НГЦТИ негізінде қазақстандық ғылыми негізделген жүйені, РИНЦ моделіне негізделген тиісті кадрлармен және техникалық қамтамасыз етуді ұсынамыз. Жас заңгерлер үшін беделді ғалымдар атындағы медальдар мен жүлделерді бекітуді ұсынамыз. Түйін сөздер: заң ғылымы, заңи білім, құқық, докторантура, ғалым-заңгерлер, Болон процесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Ибраева, А. С., Усеинова, Г. Р., Байкенжеев, А. С., & Турсынкулова, Д. А. (2021). Қазақстанның заң ғылымының дамуы: даму мәселелері мен алғышарттары. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 86(2), 4–14. вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2560

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ