Заңды тұлғаның қызметін басқарудың корпоративтік құқықтық мәселелері

Авторлар

  • Г. Б. Мукалдиева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • Г. А. Худайбердина Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
        70 41

Аннотация

Мақала авторлары заңды тұлғаның жауапкершілік мәселелерін қарастырады. Соның ішінде, авторлар акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанындағы заңды тұлғаны құру кезіндегі корпоративтік басқарудың ерекшелігін атап көрсетеді. Мақалада заңды тұлғаның органдарының құзыретіне және жауапкершілігіне ерекше мән беріледі. Нарық қатынастарының даму нәтижесінде Қазақстанда көптеген субъектілер кәсіпкерлік қызметінде пайда болды. Құқық тұрғысынан танылған құқық субъектісінің ерекше түрі ретінде заңды тұлға танылады. Заңды тұлға мәртебесі көптеген экономикалық және басқарушылық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл нысанның түрі арқылы кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылады, заңды тұлға қатысушыларының мүлкі («меншікке») мүдделері қамтамасыз етіледі, басқа заңды тұлғалардың істерін басқару түрлері әр түрлі себептермен жүргізіледі. Бұл нысанның ыңғайлылығы, ең алдымен, қатысушылардың жауапкершілігін шектеу кезінде, заңды тұлғалардың мүліктік шығындардың тәуекелін шектеуде көрінеді. Түйін сөздер: заңды тұлға, акционерлік қоғам, жауапкершілік, органдары, қатысушылар

Жүктелулер

Как цитировать

Мукалдиева, Г. Б., & Худайбердина, Г. А. (2021). Заңды тұлғаның қызметін басқарудың корпоративтік құқықтық мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 85(1), 88–92. вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2558

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ