ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТ ҚҰҚЫҚТАРЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ РЕТТЕУ

Авторлар

  • Е. Оңдашұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • М. Б. Нурушева ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қ
        82 121

Аннотация

Мақалада ақпарат құқықтары XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басында болған ақпараттық революцияның әсерінен туындап заманауи конституциялық құқық ретінде қарастырылады. «Цифрлық дәуір» қазақ қоғамына да әсер еткеніне байланысты, құқықтық қатынастардың жаңа ақпараттық түрі пайда болды. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында ақпарат алу құқығының мекемесінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы айқындалған. Осы құқықтың сипаты мен құрамы туралы қазіргі заманғы ғылыми көзқарастар мен пікірлер қарастырылады. Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституциясындағы ақпарат алу құқығының конституциялық-құқықтық реттеуі талданған. Мақалада көтерілген мәселені ашу үшін ақпарат алу құқығының құқықтық сипатын қарастырған жөн. Арнайы ғылыми әдебиеттерде қозғалып отырған мәселе бойынша жалпы қабылданған түсінік айқындалмаған. Қазіргі уақытта ақпарат алу құқығының құқықтық сипатына қатысты ғылыми көзқарас көріне бастады. Олардың біріне сәйкес ақпарат алу құқығы – құқықтық мүмкіндіктерге, халықтың «үкіметтік ақпараттарға» қол жеткізу өкілеттіктеріне (мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты туындайтын ақпарат) негізделген айрықша құқық. «Цифрлық дәуірдің» трансұлттық және ұлттық деңгейде әсерін тигізуінің нәтижесінде, адамзат өміріндегі жаһандық өзгерістер ғылыми-теориялық талқылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ қазіргі жаһандық үдерістерді реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны қайта қарауды өзектендірді. Түйін сөздер: ақпарат алу құқығы, ақпараттық қоғам, ақпарат құқықтарын конституциялық және заңдық реттеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Оңдашұлы, Е., & Нурушева, М. Б. (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТ ҚҰҚЫҚТАРЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ РЕТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 89(1), 38–48. вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2548

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ