Қабылдаушы мемлекеттердің реттеу құқығы халықаралық инвестициялық келісімдер режимінің өзгеріс факторы тұрғысында

Авторлар

  • B. Kuzhatov Мэри патшайым атындағы Лондон Университеті, М. Нәрікбаев ҚазГЗУ, Нұр-Сұлтан қ http://orcid.org/0000-0002-9710-2809

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.12
        85 70

Аннотация

Қазіргі уақытта инвестициялық келісімдердің ережелері аясында мемлекеттік және жеке мүдделер арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру барлық мүдделі тараптар, атап айтқанда қабылдаушы мемлекеттер, шетелдік инвесторлар, арбитраждық соттар, ғалымдар және төрелік заңгерлер үшін күрделі дилеммаға айналды. Теңгерімді іздеу халықаралық инвестициялық келісімшарт режимінің күрт өзгеруіне әкеледі. Осы өзгеріске орай, бұл мақаланың мақсаты – инвестициялық келісімдер тәжірибесіне әсер ету тұрғысынан қабылдаушы мемлекеттердің реттеуші құқықтарының рөлін анықтау. Мақалада халықаралық инвестициялық келісімдер режиміндегі соңғы маңызды өзгерістер талданады. Атап айтқанда, қабылдаушы мемлекеттердің реттеуші факторына назар аударылады және қолданыстағы шарттық режимнің кемшіліктерін, реттеуші кеңістік пен инвестицияларды қорғау арасындағы тепе-теңдіктің болмауының себептерін және жаңа инвестициялық келісімдерде қабылдаушы мемлекеттердің реттеуші құқықтарының рөлін түсіндіреді. Мақаланың ғылыми жаңалығы зерттеуде дилемманың себептік байланысын және оларды әрі қарай дамыту арқылы инвестициялық келісімдер режиміндегі өзгерістер тұрғысынан реттеуші кеңістік факторының анықтамасын негіздеуге талпыныс жасайтындығымен анықталады. Зерттеу нысаны – халықаралық инвестициялық құқық, атап айтқанда инвестициялық келісімдердің режимі. Қорытындылай келе, автор қабылдаушы мемлекеттердің реттеуші құқықтары шарт режимінің қазіргі мәселелерін шеше алмайды, бірақ белгілі бір дәрежеде реттеуші кеңістік пен инвестицияларды қорғау арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге көмектеседі деп тұжырымдайды. Мақалада тарихи, салыстырмалы және эмпирикалық талдау тұрғысынан құқықтық зерттеудің доктриналық әдісі қолданылады. Осы мақаладағы зерттеу мәтінге негізделген және мүмкін болған жағдайда эмпирикалық зерттеулермен расталады. Түйін сөздер: инвестициялық келісім режимі, реттеуші кеңістік, инвестицияларды қорғау, тікелей шетелдік инвестициялар, қабылдаушы мемлекет, инвестор, төрелік сот, ICSID, BIT, MIT, UNCTAD.

Жүктелулер

Как цитировать

Kuzhatov, B. (2021). Қабылдаушы мемлекеттердің реттеу құқығы халықаралық инвестициялық келісімдер режимінің өзгеріс факторы тұрғысында. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 98(2), 117–122. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.12

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ