Америка Құрама Штаттарының ғарышты коммерцияландыру мәселесіндегі құқықтық тәжірибесі

Авторлар

  • G.M. Ishkibayeva Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ http://orcid.org/0000-0002-9522-2460
  • D. Nurmukhankyzy І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ http://orcid.org/0000-0003-3817-1975

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.10
        97 76

Аннотация

Қазір ғарыш деген не? Адамзат үшін қандай пайда әкелуі мүмкін және оны игеруге кім көп қызығушылық танытады? Қазіргі уақытта әлемдік космонавтиканың даму тарихы ғарышты игерудің басында мемлекеттер өздерінің әскери және стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үшін ең алдымен ғылыми және зерттеу мақсатын көздегенін көрсетеді. Қазіргі ғарыш қызметінің басты ерекшелігі – оны белсенді коммерцияландыру. Бүгінгі күні ғарыш кеңістігіндегі коммерциялық қызметке мемлекеттер, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық үкіметтік ұйымдар ғана емес, жеке кәсіпорындар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар да тартылған. Ғарыш – бұл үлкен пайда және оның жаңа қатысушысы – жеке сектор. Бұл ғарыш секторына үлкен ақша қаражатын инвестициялай бастаған жеке компаниялар. Бүгінде Америка Құрама Штаттары (АҚШ) ғарышты игеруге қатысатын компаниялар саны бойынша сенімді көшбасшы болып табылады. АҚШта ғарыш бизнесін ыңғайлы дамыту АҚШ-тың ғарышты игерудегі және жүргізілген жұмыстан пайда табудағы жоспарлы мақсатты саясатының, сондай-ақ мемлекеттің заң шығару жұмысының нәтижесі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, АҚШ-тың ғарышты коммерциализациялау тәжірибесі тек ғылыми ғана емес, сонымен бірге практикалық қызығушылық тудырады. Мақала АҚШ-тың ғарышты коммерцияландыру мәселесіндегі халықаралық-құқықтық тәжірибесіне арналған. Авторлар ғарышты игеру басталғаннан бері қабылданған АҚШ-тың негізгі нормативтік құқықтық құжаттарын талдады, бұл ғарыш пен ғарыштық технологияларды коммерцияландыру процесіне ықпал етті, осылайша тұтастай алғанда мемлекет экономикасының дамуына ықпал жасады. Түйін сөздер: ғарыш, ғарыш құқығы, жеке ғарыш, АҚШ ғарыш.

Жүктелулер

Как цитировать

Ishkibayeva, G., & Nurmukhankyzy, D. (2021). Америка Құрама Штаттарының ғарышты коммерцияландыру мәселесіндегі құқықтық тәжірибесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 98(2), 101–107. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.10

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ