Еуропалық одақтағы Мемлекеттік сатып алу жүйесін құқықтық реттеудің негізгі ережелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.09
        55 38

Аннотация

Мақалада Еуропалық одақ шеңберіндегі мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері қарастырылады. Мемлекеттік сатып алу еуропалық интеграция үшін де, жалпы мемлекет үшін де өте маңызды, өйткені олар экономиканың ауқымды секторын құрайды. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу мәселесі бүкіл әлемде өзекті және тікелей субъект мемлекеттің өзі болғандықтан, ол олардың барынша тиімділігіне мүдделі. Жұмыстың мақсаты – ЕО директиваларына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды реттеу саласында бірыңғай стандарттар мен нормаларды белгілейтін осы интеграциялық бірлестік қатысушысы болатын халықаралық шарттарға құқықтық талдау жүргізу. Осы зерттеуді жүргізу кезінде авторлар ғылыми абстракция әдісі, сапалық сараптамалық бағалау, сандық бағалау және құрылымдық талдау сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы жұмыста көтерілген проблемалық мәселелер бойынша ғылыми және практикалық әзірлемелерде қолдануға болатын теориялық қорытындылар берілетіндігінде. Қорытындылай келе, авторлар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың еуропалық жүйесінің әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді ұлттық мемлекеттік сатып алу жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оның қағидалары мен тәсілдері негізінде іске асырылатын тиімділігін атап өтті. Түйін сөздер: мемлекеттік сатып алу, құқықтық реттеу, мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі, Еуропалық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-21

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ